Get Mystery Box with random crypto!

Ресейден келгендер ақша төлеп, Қазақстан азаматымен жалған нек | Alash.KZ

Ресейден келгендер ақша төлеп, Қазақстан азаматымен жалған некеге тұра ала ма?

Қазақстан азаматтығын алу оңай емес. Кейінгі кезде Ресейден келгендер ақша төлеп, Қазақстан азаматымен жалған некеге тұрғысы келетіні жайлы жиі айтылып жүр.

КТК арнасының дерегінше, заңгерлер өтірік отау құру арқылы азаматтыққа қол жеткізу мүмкін еместігін айтады. Азаматтық алу үшін кем дегенде үш жыл некеде болуы керек.

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде тарап жатқан видео көп. Жұртшылық оны әзіл-қалжың ретінде қараса, енді бірі қалтасын қампайтқысы келетінін жасырмайды. Алайда заңгерлер тығырықтан шығудың жолы бұл емес деп отыр. Яғни, азаматтыққа қол жеткізу үшін жарымен мың күн бірге өмір сүруі керек.

Өзге мемлекеттен келген азаматтардан ең алдымен нотариалды куәландырылған құжаты сұралады. Сондай-ақ өз елінің консулдығынан берілетін некеге құқық қабылеттілігі туралы қағазы болуы шарт.