Get Mystery Box with random crypto!

Бір аптада Алматыға қанша ресейлік келді, Алматы әкімдігі жауа | Alash.KZ

Бір аптада Алматыға қанша ресейлік келді, Алматы әкімдігі жауап берді

Қала билігінің хабарлауынша, әкімдік Ресей азаматтарының келуіне арнайы жоспар дайындаған.

"22 қыркүйек пен 27 қыркүйек аралығында Алматыға Ресей Федерациясының 5066 азаматы келіп, 4172 -сі кетті . Қалада 894 ресейлік қалды. Бұл біздің қала үшін аз көрсеткіш. Алматының барлық қызметтері дайын және барлық қажетті шараларды орындауда. Мемлекеттік органдар заңға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес барлық қажетті көмекті көрсетеді. Яғни, ешқандай ауыртпашылық болмайды», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

(Фото: Тұрар Қазанғапов)