Get Mystery Box with random crypto!

Солтүстік Қазақстанда Ресеймен шекара жабылды Солтүстік Қазақ | Alash.KZ

Солтүстік Қазақстанда Ресеймен шекара жабылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасы жабылды, деп хабарлады Orda.kz.

Такси жүргізушілері мен дереккөздердің айтуынша, Ресей тарапы шекарадан әскер жасындағы ер адамдарды өткізуді тоқтатқан.

Расталмаған ақпарат бойынша, шекарада Ресей жағынан өте алмағандардың барлығын күтіп отыр. Олар дереу автобуспен әскери комиссариаттарға жеткізіледі.

Еске салайық, бұған дейін ФСБ шекарашылары әскери комиссариаттардың талабы бойынша ресейліктердің елден шығуына тыйым сала бастады. Шекараларды жабудың ең ықтимал күні референдумнан кейінгі 28 қыркүйек болды. Осыдан келіп, бүгінде ресейліктердің шекарадан өтуіне неліктен тыйым салынғаны түсініксіз.