Get Mystery Box with random crypto!

​​Патшаңыз пармын десе пайғамбарға, Халықтың пікірінен қайран | Қазақ әдебиеті

​​Патшаңыз пармын десе пайғамбарға,
Халықтың пікірінен қайран бар ма?
Мысалы, біз не істедік бір-ақ күнде
Астана Нұр-Сұлтанға айналғанда?!

Алайда, шыдап келіп шарт сынар ел,
Халықтың қаһарына қарсы келер
Әлемде ештеңе жоқ. Қабағынан
Қар жауған Қаңтар соған жақсы дәлел!

Сондықтан ойланыңдар, майқарындар
Датым бар, ел атынан айтарым бар:
Ешкімнің әкесінің ақысы жоқ
Есімін Елорданың қайтарыңдар!!!

// Әбубәкір Смайылов - Дат