Get Mystery Box with random crypto!

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

Telegram арнасының логотипі abuxanifa — АБУ ХАНИФА МИРАСЫ А
Telegram арнасының логотипі abuxanifa — АБУ ХАНИФА МИРАСЫ
Арна мекенжайы: @abuxanifa
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.14K
Арнадан сипаттама

Жоба ислам ғылымдарының дамуына өте зор үлес қосқан имам Абу Ханифаның мирасын, яғни сахабалар түсінуіндегі Құран мен Сүннетті насихаттауға арналған

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 26

2021-04-26 18:35:36 224-бап: "Оразаға байланысты (кейбір) мәселелер туралы" (жалғасы)
Ләқийт ибн Сабирадан (оған Аллаһ разы болсын) былай баяндалады: "Мен Пайғамбардан (): "Уа Аллаһтың Елшісі, маған дәрет алу туралы айтып беріңізші", - дедім. Сонда ол: "Дәретті толық етіп ал, әрі бармақтарыңның арасын сумен жу, және мұрныңды шайғанда суды терең етіп ал, тек егер ораза ұстаған болмасаң ғана", - деді (Абу Дауд 142, Тиримизи 788, Ибн Мәжаһ 407, хадис сахих).
Айша (анамыздан) (Аллаһ оған разы болсын) былай деп жеткізіледі: "Аллаһ Елшісі таңды әйелімен қосылғандығы себебінен жүніп күйінде аттыратын, содан кейін ғұсыл алатын әрі ораза ұстайтын" (Бухари 1926, Муслим 1109).
Айша және Умму Сәләма (аналарымыздан) (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) былай жеткізіледі: "Аллаһ Елшісі жүніп күйінде таңды аттыратын, әрі оның жүніптігі белгілі түс көргендіктен болмайтын, сосын ораза ұстайтын" (Бухари 1930, Муслим 1109).
460 views15:35
Ашу / Түсініктеме
2021-04-21 09:08:33 8-сабақ.
223-бап: Ораза ұстаушы адамға өз тілін және басқа да дене мүшелерін теріс (күнәлі) іс-әрекеттерден, ұрыс-керістен және осы сияқты нәрселерден тыю әмір етілгендігі туралы.
Абу Хурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) былай жеткізіледі: "Аллаһ Елшісі: "Сендерден әлдебіреуің ораза ұстаған күн болса, онда жаман сөздер айтпасын және айқайламасын. Ал егер біреу оны сөгіп-балағаттаса, немесе онымен төбелескісі келетін болса, онда ол: «Расында, мен ораза ұстаудамын!», — деп айтсын", - деген" (Бухари 1903, Муслим 1151).
Абу Хурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) былай деп жеткізіледі: "Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ өтірік айтуын және өтірікке сәйкес амал етуін тоқтатпаған адамның жеп-ішуін қойғанына мұқтаж емес», — деді (әл-Бухари 1903).
224-бап: "Оразаға байланысты (кейбір) мәселелер туралы"
- Ұмытшақтықпен жеп-ішу туралы мәселе
477 views06:08
Ашу / Түсініктеме
2021-04-21 07:43:51 Ал көпшілік ішінде таралған, әрі соны өзін білімге телитін кейбір адамдар да насихаттап жүрген: «оның мағынасы - «Аллаһтан басқа жаратушы жоқ»» - деген сөздер оның шынайы мағынасы емес, өйткені мүшриктер мен Кітап иелері де Аллаһтың жалғыз Жаратушы екенін мойындайды, бірақ бұл оларды мүшрик күйінде қалдыра береді. Өйткені олар Жаратушы Аллаһпен бірге басқа да құлшылық ететін объектілер бар деп сенеді, бірақ басқа да нәрселерге ғибадат етеді, әрі осы орайда: «Біз оларға сол Жалғыз Жаратушыға жақындату үшін құлшылық етедіміз», - деп айтады. Әрі олардың бұл куәлікті қабылдамай, Пайғамбарымызбен соғысқанының себебі де осыда, яғни олар осы куәліктің мағынасын түсінгендігінде, бірақ мойындамағандығында еді.
Ал «бұл сөздер «уаһһабилер мен сәләфилер» ойдан шығарған сөз» деп айтушылар өз сөздерінде дәйексіз екеніне нұсқау үшін төменде атақты ханафи ғалымдарының осы куәліктің мағынасына нұсқаған сөздерін келтіреміз. Ал тауфиқ жалғыз Аллаһтан.
Имам Мухаммад әс-Сахсауани (1326 х/ж) былай деген: «Біл, Аллаһ Тағаланың елшілерді жіберуі мен Құранды түсіруі жаратылыстарға Ол оларды жаратқанын және оларға ризық беретінін түсіндіру үшін емес еді. Өйткені кез келген көпқұдайшыл-мүшрик Кітап түсірілгенге дейін де мұны мойындайтын». Қз.: «Сыянат уль-инсан» 164-бет.
Имам әл-Хужанди (1379 х/ж) былай деген: «Лә иләһә иллә-Ллаһ» («Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ») сөздері Ислам мен күпірлікті ажырататын сөздер болып табылатынын біл... әрі бұл жерде осы сөздерді олардың мағынасын түсінбестен, тек тілмен ғана айту меңзеліп тұрған жоқ, бірақ олардың мағынасын түсінген және оларға бағынған күйде оларды тілмен айту меңзеліп тұр». Содан соң имам кейбір дәлелдерді келтірді де, кейін былай деді: «Және адамдардың көпшілігінің бұл куәліктің мағынасына қатысты надандықтары айқын көрінетін басқа да хадистер (бар). Сондықтан бұл сөздердің мағынасын білген және оған жүрекпен сенген күйде оларды айтқан адам Исламға кіреді және Жәннат тұрғындарының біріне айналады». Қз.: «Мифтах ул-жәнна», 38-39-бет.
Осы имамдардың сөздерін оқығаннан соң, адамдарға бірқұдайшылықтың мәнін түсіндіретін, олардың күмәндарын таратып, оларға осыны үнемі ескертетін және оларды түзететін білім иелерінің керек екендігі түсінікті болады.
Имам әш-Шаукани былай деген екен: «Бұл қара халықтың адасушылығының себебі олар ата-аналары мен ағайын-туыстарының арасында өмір сүріп, оларды осы сенімдерде екенін көріп, осы сенімдерді олардан қабылдап алуында. Адамдар бұл сенімдерді өздерінен алдыңғы аға буыннан алады: соңғылары алғашқыларынан... ал мәселенің мәнін ұғып түсінгендердің және білім иелерінің үнсізідігі, олардың әрекетсіздігі және оны адамдарға түсіндіруден бас тартуы, бұл адамдардың сол сенімдерде қала беруіне себеп болады». Қз.: «Адаб ут-таләб» 16-бет.
Сондай-ақ мыналарды оқуды ұсынамыз:
1. Ханафи ғалымдары бірқұдайшылдық (таухид) туралы
2. Ханафи ғалымдары «табарак» заттар туралы
3. Ханафи ғалымдары ташахудта бармақты көтеру туралы
4. Имам Абу Ханифаның тағдыр туралы айтқандары
5. Төрт имамдардың ақидасы негізінде бір екендігі
370 views04:43
Ашу / Түсініктеме
2021-04-21 07:43:51 Ханафи ғалымдары «Лә иләһа иллә-Ллаһ» куәлігінің мағынасы туралы
«Лә иләһә иллә-Ллаһ» куәлігі – «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім (ешбір құдай) жоқ» дегенді білдіреді. Аллаһ Тағала былай деді:
فَاعْلَمْ أَنَّهُ لا إِلَهَ إِلا اللَّهُ
«Біл, Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ...» (Мухаммад, 19).
Аллаһ сондай-ақ былай деді:
اللَّهُ لا إِلَهَ إِلا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ (٢)

«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол Тірі, толық Меңгеруші» (Әли Имран, 2).
Бұл аяттың мағынасы жалғыз Аллаһ қана құлшылық етуге лайықты құдай екендігінде. Бұл сөз құлшылық жасалатын кез келген өзге шынайы құдайдың болуын жоққа шығарады. «Иллә-Ллаһ» («Аллаһтан басқа») сөзі Аллаһтың әлемдерге иелік етуінде және оны басқаруында теңдестері жоқ болғандығы сияқты, Оның құлшылық етуде де ешбір серігі жоқ дегенді білдіреді.
«Лә иләһә иллә-Ллаһ» куәлігі теріске шығарудан және бекітіп айтудан тұрады. «Лә иляһа» – «(құлшылыққа лайықты) құдай жоқ» – теріске шығару, ал «иллә-Ллаһ» – «Аллаһтан өзге» - бекітіп айту. Құдай – бұл құлшылықтың объектісі (мағбуд). Әркімнің құдайы оның құлшылық қылатын объектісі болып табылады. Аллаһтан өзге құлшылық жасалатын өбъектілер де құдайлар болып табылады, алайда бұл құдайлар жалған. Олар шынайы құдайлар емес. Аллаһ Тағала былай деді:
ذَلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ هُوَ الْبَاطِلُ وَأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ (٦٢)
«Міне, күдіксіз, Аллаһ - Ол хақ. Расында олардың Аллаһтан өзге сиынғандары ол - босқа. Рас, Аллаһ - Ол өте Жоғары, аса Ұлы». (Хадж, 62).
Бұл куәлік сөздері оны айтушы адам тарапынан жарамды болуы жеті шарт жүзеге асырылу қажет. Бұл шарттардың қайсысын болса да орындамау және Құран мен Сүннетке сәйкес түсінбеу осы куәлікті айтушыға пайда бермейді. Төменде біз Исламның атақты ғалымдары тарапынан Қасиетті Құранның және сахих (сенімді) Сүннеттің мәтіндерінен алған осы шарттарды келтіреміз.
• 1. Оның мағынасын және талап ететін нәрселерін білу;
• 2. Оған күмәнсіз сену;
• 3. Оны өтіріксіз шындықпен айту;
• 4. Осы куәлікте ширксіз, тек Аллаһ үшін ықыласты болу;
• 5. Осы куәлікті және ол нені талап ететін болса, соны жек көрусіз сүю;
• 6. Осы куәлікті тастамай ілесу;
• 7. Оны теріске шығармай мойындау.
323 viewsedited  04:43
Ашу / Түсініктеме
2021-04-19 16:43:55 Мұсылман әйелдерге сүйінші

Мұсылман әйелдің Рамазандағы бағдарламасы

Сұрақ:
Рамазанда Раббысына ғибадат ету мен жанұясына қызмет жасауды біріктіру үшін мұсылман әйелдің бағдарламасы қандай болмақ?

Жауап:
Рамазанда мұсылман әйелдің бағдарламасы – дәлме-дәл мұсылман ердің бағдарламасы секілді. Алайда, мұсылман әйел ер кісіге қарағанда бір ғибадатқа басым түседі, артық орындайды. Ол дегеніміз – егер әйел адам күйеуіне және отбасы мүшелеріне қызмет қылып жатқан кезінде, олар еш алаңдамастан Аллаһқа құлшылық ететіндей тамақ әзірлеп, сол қызметінің сауабын Аллаһтан үміт ететін болса, сөзсіз, оған сол үшін сауаптар жазылып, жасаған жақсылықтары артатын болады. Сондықтан, мұсылман әйел тамақ әзірлеп жатқан кезінде тілін Аллаһты зікір етумен шұғылдандыруы керек. Мәселен, егер тамақ әзірлеп жатқанда: "Субханаллаһ (Аллаһ кемшілік атаулыдан Пәк)" - деп, Аллаһты дәріптесе, әрі "Лә иләһә иллә Аллаһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ)" деп, Аллаһты ұлықтаса, әрі әрдайым Оны зікір етсе, онда, сөзсіз, осы істе ол үшін ұлы сауаптар бар. Егер осылай істейтін болса, тамақ даярлау да, (басқа шаруалар да) Рамазанның күндізінде оны Аллаһты зікір етуден тоса алмайды. Сондықтан да, сауабын Аллаһтан үміт ете отыра күйеуіне, жанұясына қызмет қылатын, сонымен қатар Аллаһты еске алудан ғапыл қалмайтын, және шама-шарқы жеткенше ғибадаттарды орындайтын әйелді ұлы бақытқа, мол сауапқа қол жеткізумен қуандырамыз.
Медина шаһарының фақиһы, құрметті ғалым – шейх Сулейман Рухейли (Аллаһ оны есендікте сақтасын) былай жауап береді
384 views13:43
Ашу / Түсініктеме
2021-04-18 07:35:13 7-сабақ:
222-бап: Ауызашарға (оның уақыты кірген бойдан) асығудың артықшылығы, және ауызды немен ашу керектігі, әрі ауыз ашқаннан кейін айтылатын сөздер туралы:

Сәһл ибн Сағдтан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Адамдар ауызашарға асыққандарына дейін игілікте болуын тоқтатпайды» (әл-Бухари 1957, Муслим 1092).
424 views04:35
Ашу / Түсініктеме
2021-04-17 06:53:25 "Әлемдер үшін мейірім"
Он төртінші тарау
Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сабырлығы.
2 - Мекке мушриктерінің Пайғамбарды ﷺ қудалауы;
3 - Пайғамбардың ﷺ Утба ибн Рабиғамен болған сұхбаты.
427 views03:53
Ашу / Түсініктеме
2021-04-15 08:37:20 6- сабақ:
221-бап: «Сәресін жеудің және оны таң атып кетуінен қорықпайтындай уақытқа дейін кешіктірудің артықшылығы туралы».
Әнастан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Сәресін ішіп-жеңдер, өйткені сәресінде береке бар!» (әл-Бухари 1923, Муслим 1095).
Зәйд ибн Сәбиттің (Аллаһ оған разы болсын): «Бірде біз Аллаһ Елшісімен бірге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәресін жедік те, сосын намазға тұрдық», - деп айтқаны жеткізіледі. Сонда (жанындағылар) одан: «Ол екеуінің арасы қанша уақыт болатын?» - деп сұрады, әрі ол: «Елу аят (оқылатындай) уақыт болатын», - деп жауап берді (Бухари 575, Муслим 1097).
506 views05:37
Ашу / Түсініктеме
2021-04-13 16:53:04 5-сабақ:
Ибн Аббас былай баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең жомарт адам еді. Ал рамазанда онымен Жәбірейіл кездесетін кезде ерекше жомарт болатын. Жәбірейіл онымен рамазанның әр түнінде кездесіп онымен Құран оқитын. Әрі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) еркін есетін желден де артық бүкіл игілікке жомарт болатын» (әл-Бухари 6, Муслим 2308).
526 views13:53
Ашу / Түсініктеме
2021-04-12 18:17:14 Құрметті бауырлар мен әпке-қарындастырымыз!
Мұсылман үмметі сағына күткен осы қасиетті ай да келді. Аллаһ бізге оны ықыласты да салиқалы амалдармен өткізуімізді нәсіп етсін!
12.2K views15:17
Ашу / Түсініктеме