Get Mystery Box with random crypto!

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

Telegram арнасының логотипі abuxanifa — АБУ ХАНИФА МИРАСЫ А
Telegram арнасының логотипі abuxanifa — АБУ ХАНИФА МИРАСЫ
Арна мекенжайы: @abuxanifa
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.14K
Арнадан сипаттама

Жоба ислам ғылымдарының дамуына өте зор үлес қосқан имам Абу Ханифаның мирасын, яғни сахабалар түсінуіндегі Құран мен Сүннетті насихаттауға арналған

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 27

2021-04-12 18:15:06
11.2K views15:15
Ашу / Түсініктеме
2021-04-12 13:13:06 Рамазанның басталуы мен аяқталуы мәселесіндегі біздің сеніміміз
1) Егер халық айға қарап оразасын бастаса, ОНДА БҰЛ – НЕГІЗ, әрі халық айды көріп Рамазанды бастағандықтан, біз де халықпен бірге Рамазанды бастаймыз, және Рамазанын Сүннетке сәйкес бастайтын адамдардың арасында өмір сүріп жатқанымызға, әрі Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
"Оразаларыңды айды көріп бастаңдар" (Бухари);
"Қауымдарыңмен бірге ораза бастаңдар" (Абу Дауд), - деген хадистеріне амал етіп жатқандарымызға қуанамыз.
2) Егер біздің еліміздің көпшілік мұсылмандары Сауд Арабиясы елінің айды көргендігіне ілесіп, солармен бірге Рамазан оразасын бастап жатса, онда халық солармен бірге Рамазанды бастағандықтан, біз де Сауд Арабиясымен бірге Рамазанды бастаймыз.
3) Егер халық муфтияттың немесе үкіметтің астрономиялық есептерге негізделген ұйғарымына сәйкес Рамазанды бастап жатса, онда біз сонда да халықпен бірге Рамазанды бастаймыз, бірақ бұл муфтияттың немесе үкіметтің ұйғарымы болғандықтан емес, халықтың басым бөлігі (солардың нұсқауымен болса да) оразасын бастағандығынан.
Әрі бұл НЕГІЗ емес, фитнаға жол бермеу үшін және осыған көптеген шариғи мәтіндер нұсқайтын негізден тыс шығарылған ерекшелік болып табылады.
4) Бұндай жағдайда біз халықпен бірге Рамазанды бастаймыз әрі халықпен бірге оны аяқтаймыз, ал Сүннетке қайшы келу күнәсын муфтият немесе үкімет, немесе сол сияқты органдардың өздері көтереді. Бұл туралы ғалымдар айтатындай.
Әрі біз:
1) Рамазан айының басталуы мен аяқталуын астрономиялық есептерге негізделіп анықтау, әрі осыған сәйкес ораза ұстау шариғатта негізі жоқ және тыйым салынған нәрсе деп сенеміз.
2) Әрі, ең бастысы, біз бұл және басқа да ғибадат амалдарының Сүннет бойынша қалай болуы керектігін үнемі түсіндіруге тырысамыз.
3) Осы рамазан оразасын халықпен бірге бастап, халықпен бірге аяқтау керек деген ұстаным Рамазанның басталуы мен аяқталуына, және айт намазы сияқты жамағаттық сипаттағы ғибадаттарға қатысты айтылған, бірақ күнделікті ауыз ашар және сухур уақыттарына емес, өйткені олар күннің шыққаны мен батуына негізделеді, және хадистегі қаумдарыңмен бірге оразалыңды бастаңдар деген бұйрық жалпы Рамазан оразасын меңзеп тұр.
Сондықтан да біз күндердің бір күнінде, ин ша Аллаһ, ТМД елдеріндегі Сүннетті таратушылардың ыждағаттылығының себебімен біздің барлық халықтарымыз муфтияттарымен және үкіметтерімен бірге айға қарап оразаны бастап, айға қарап оны аяқтайтын болады деп сенеміз.
Әрі біздің дағуатымыздың осы сатысында ТМД аймағындағы Исламды ұстанатын халықтың басым бөлігі діни басқармалардың пікіріне құлақ салатынын ескереміз. Әрі біздің Сүннетке шақыруымызды жеңілдету үшін, осындай жағдаяттар Сүннетте қарастырылған. Бұған мысал ретінде Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сенің халқың Исламға дейінгі надандықтан енді ғана шыққан болмағанда, мен Қағбаны бұзып, оны өзінің (бұрынғы кейпінде) қайтатұрғызар едім....», - деген сөздері, және басқа да хадистер мен асарлар жетіп асады.
04.05.2019
368 views10:13
Ашу / Түсініктеме
2021-04-11 17:49:54 3-сабақ: Абу Хурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) былай жеткізіледі: "Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: "Аса Құдіретті әрі ұлы Аллаһ былай деді: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалдары өзі үшін, ал ораза Мен үшін, әрі оның сыйын Мен беремін. Сендерден әлдебіреуің ораза ұстаған күн болса, онда жаман сөздер айтпасын және айқайламасын. Ал егер біреу оған ұрысатын болса, немесе онымен төбелескісі келетін болса, онда ол: «Расында, мен ораза ұстаудамын!», — деп айтсын. Мухаммадтың жаны Қолында болған (Аллаһпен) ант етемін, ораза ұстаушының ауызынан шығатын иіс Аллаһ үшін мисктің (әтірдің) хош иісінен де сүйіктірек. Ораза ұстаушыда екі қуаныш бар: (біріншісі) ауызын ашқандағы, ал (екіншісі) Раббысына жолыққандағы қуанышы".
Хадис Бухари мен Муслимнің сахих жинақтарында келтірілген. Әрі бұл Бухаридің риуаятының сөздері (1904).
513 views14:49
Ашу / Түсініктеме
2021-04-10 13:52:15 2-сабақ: "Және сондай ораза ұстауға күші келетіндер бір міскінің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық қайыр қылса, ол өзіне жақсы. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың жақсы" аятының түсіндірмесі.
Науқастықтың ораза ұстауға байланысты үш жағдайы
Сапардың ораза ұстауға байланысты үш жағдайы
542 views10:52
Ашу / Түсініктеме
2021-04-10 13:25:59 1-сабақ: "Рамазан оразасын ұстаудың міндеттілігі және оразаның артықшылығы мен осыған байланысты нәрселерді баяндау" бабы
Оразаны ұғымының түсіндірмесі
"Әй иман келтіргендер, сендерден бұрыңғыларға ораза парыз етілгендей сендерге де парыз етілді, бәлкім тақуа боларсыңдар. Санаулы күндерде. Ал сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтейді" ("Бақара" сүресі, 183-184) аяттарының түсіндірмесі.
516 views10:25
Ашу / Түсініктеме