Get Mystery Box with random crypto!

8-сабақ. 223-бап: Ораза ұстаушы адамға өз тілін және басқа да | АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

8-сабақ.
223-бап: Ораза ұстаушы адамға өз тілін және басқа да дене мүшелерін теріс (күнәлі) іс-әрекеттерден, ұрыс-керістен және осы сияқты нәрселерден тыю әмір етілгендігі туралы.
Абу Хурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) былай жеткізіледі: "Аллаһ Елшісі: "Сендерден әлдебіреуің ораза ұстаған күн болса, онда жаман сөздер айтпасын және айқайламасын. Ал егер біреу оны сөгіп-балағаттаса, немесе онымен төбелескісі келетін болса, онда ол: «Расында, мен ораза ұстаудамын!», — деп айтсын", - деген" (Бухари 1903, Муслим 1151).
Абу Хурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) былай деп жеткізіледі: "Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ өтірік айтуын және өтірікке сәйкес амал етуін тоқтатпаған адамның жеп-ішуін қойғанына мұқтаж емес», — деді (әл-Бухари 1903).
224-бап: "Оразаға байланысты (кейбір) мәселелер туралы"
- Ұмытшақтықпен жеп-ішу туралы мәселе