Get Mystery Box with random crypto!

“Серпін” бағдарламасы деген не? Қалай тапсыруға болады? “Сер | "Балмұздақтарға" ақыл-кеңес

“Серпін” бағдарламасы деген не? Қалай тапсыруға болады?

“Серпін - 2050” бағдарламасы 2014 жылдан бастап жұмыс жасайды. Оның басты мақсаты - халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

“Серпін” бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.

Бұл бағдарламаға кімдер тапсыра алады?
⁃ Бағдарлама Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жастарына бағытталған. Яғни, сіз сол аймақтың түлегі болсаңыз ғана қатыса аласыз.

Бағдарлама қандай мамандықтарды қамтиды?
⁃ Бағдарлама белгілі бір аймақта кадр жетіспейтін мамандықтарды қамтиды. Сондықтан әр аймақ әртүрлі болуы мүмкін, әрі өзгеріп отырады.

Бағдарламаға қалай өтініш тапсыруға болады?
⁃ Мемлекеттік грантқа өтініш берерде барған мекемеден анықтап сұрайсыз. Ол да өзгеріп отырады, бір жылдары мемлекеттік грантпен қатар қабылдаса, бірде оның нәтижесінен кейін қабылдады.

Бағдарлама бойынша оқып бітірген соң қайда жұмыс жасаймыз?
⁃ Түскен өңіріңіз/университетіңіз сіздің жұмысқа орналасуыңызға ықпал жасайды. Яғни, өз оқыған қалаңызда жұмыс жасайсыз.

Бұл бағдарлама ҰБТ-дан қалағанынан аз, мемлекеттік грантқа жетпейтін балл жинаған жағдайда түсуге болады. Сондықтан, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!


https://t.me/studentkenes