Get Mystery Box with random crypto!

Ректор гранты Мемлекеттік грант иегері атана алмаған студент | "Балмұздақтарға" ақыл-кеңес

Ректор гранты

Мемлекеттік грант иегері атана алмаған студенттерге кезекті мүмкіндік - ректор гранты. Жалпы ректор деген кім? Ректор - қарапайым тілмен түсіндірсек, университеттің директоры.

Ректорлық гранттар жыл сайын ынталандыру, алынған білім сапасын арттыру, талантты және ынталы жастарды қолдау мақсатында ішкі конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша тағайындалады.

Байқаудың шарттары
- ҰБТ -дан жоғары балл;
- Республикалық, халықаралық олимпиадаларда, жобалар мен ғылыми жарыстарда жүлделерді растайтын соңғы 3 жылдағы дипломдардың, сертификаттардың, дипломдардың болуы.

Үміткердің отбасы жағдайы, үлгерім көрсеткіші және университеттің қаржылық мүмкіндігі қаралады. Оқу ақысы тегін болғанымен, стипендия төленбейді. Кейбір университеттер бірінші не соңғы оқу жылының ақысын төлеуі мүмкін. Ал енді бірі студенттердің әртүрлі санатына байланысты 10-50% жеңілдіктер ұсынады.

Ішкі білім беру гранттары мен жеңілдіктер, әлеуметтік көмек туралы ақпаратты университеттердің сайтынан білуге болады. Немесе университеттің өзіне барып қабылдау бөлімінен сұрай аласыз.

https://t.me/studentkenes
https://t.me/studentkenes