Get Mystery Box with random crypto!

'ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР' АЙДАРЫ ------------------------------ | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

"ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР" АЙДАРЫ
-----------------------------------------------------------
Білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына пәндерден сабақ беру бойынша қосымша жұмыстары үшін сауықтыру жәрдемақысы төлене ме?

Егер, білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары еңбек шарты негізінде қоса атқару жағдайымен көлемі 0,5 нормативтік оқу жүктемесінен аспайтын қосымша жұмысты орындаса, онда ақы төленетін еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақысы төленеді. ҚР Еңбек кодексінің 1-бабының 1-тармағының 56)-тармақшасына сәйкес жалпы ереже бойынша қоса атқарылатын жұмыс – қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы болып табылады.
Егер, білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары белгіленген 40 сағаттық жұмыс аптасы шегінде қосымша жұмыс орындаса, онда ақы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы төленбейді.

----------------------------------------------------------------

Рубрика «ЧАСТО ЗАДАВАЕМЫЕ ВОПРОСЫ

-----------------------------------------------------------

Выплачивается ли пособие для оздоровления руководителям организаций образования и их заместителям за дополнительную работу по преподаванию предметов?

Если, руководители организаций образования и их заместители выполняли дополнительную работу в объеме не более 0,5 нормативной учебной нагрузки при условии совместительства на основании трудового договора, то при выходе в оплачиваемый трудовой отпуск производится выплата оздоровительного пособия. Следует отметить, что по общему правилу в соответствии с подпунктом 56) пункта 1 статьи 1 Трудового кодекса РК, совместительство – это выполнение работником другой регулярной оплачиваемой работы на условиях трудового договора в свободное от основной работы время. Если, руководители организаций образования и их заместители выполняли дополнительную работу в пределах установленной 40 часовой рабочей недели, то оздоровительное пособие к оплачиваемому трудовому отпуску не выплачивается.