Get Mystery Box with random crypto!

АРДАҚТЫ АЗАМАТТАР! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерек | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

АРДАҚТЫ АЗАМАТТАР!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл «Отан үшін отқа да түс, күймейсің» деген қанатты сөзді қастерлі қағидасына айналдырған асыл азаматтардың жарқын мерекесі.

Ерлік пен өрлікті қастерлейтін халқымыз ел қорғаны болар ерлерді қашан да құрметтейді. Тәуелсіздігіміздің тұтастығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтадың еңселері биік, мерейлері үстем болсын!
Егемен еліміздің іргесін кірпік қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Әрқашан да аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын! Жарқын мереке көңілдеріңізге қуаныш сыйласын!

Ізгі тілекпен,
Салалық кәсіподақ төрағасы
Айгүл Мұқашева