Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР! Баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бі | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Халықты бірлік пен ынтымаққа шақыратын жарқын мерекенің жөні ерек, маңызы бөлек. Ел басына күн туған талай қилы кезеңді халқымыз ынтымағы мен бірлігімен бірге еңсерген. Мызғымас бірлігіміз бен ырысты ынтымағымыз - бабалар жолымен келе жатқан басты байлығымыз! Тәуелсіздігіміздің тұғырына айналған берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз толымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін!

Баршаңызды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, бастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, кемел келешегімізді нығайту жолындағы қажырлы қызметтеріңізге табыс тілеймін!


Ізгі ниетпен,
Салалық кәсіподақтың төрағасы
Айгүл Мұқашева