Get Mystery Box with random crypto!

⚜Мотивация к учёбе⚜

Telegram арнасының логотипі motivationkuchebe — ⚜Мотивация к учёбе⚜ М
Telegram арнасының логотипі motivationkuchebe — ⚜Мотивация к учёбе⚜
Арна мекенжайы: @motivationkuchebe
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 388
Арнадан сипаттама

📛Негізгі канал: t.me/qaztarih15ball сливтың отанына тіркеліп ал😍

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2021-07-08 08:44:59 ʍᴏᴛиʙᴀция

Еɯᴋіʍ ᴄᴇнᴇн ʍықᴛы ᴇʍᴇᴄ.Еɯᴋіʍ ᴄᴇнᴇн ᴀқыᴧды ᴇʍᴇᴄ.Еɯᴋіʍ ᴄᴇнᴇн ᴀᴄқᴀн ᴋүɯᴛі ᴇʍᴇᴄ.Біɜ бᴀᴩᴧығыʍыɜ біᴩдᴇй әᴩі ᴛᴇңбіɜ.Тᴇᴋ ᴏᴧ ᴀдᴀʍдᴀᴩ дᴀʍуды ᴇᴩᴛᴇ бᴀᴄᴛᴀғᴀн.Оᴧ ᴀдᴀʍдᴀᴩ ᴋөᴨ ᴇңбᴇᴋᴛᴇнᴦᴇн,әᴩᴇᴋᴇᴛ жᴀᴄᴀғᴀн.Бᴏᴄқᴀ ᴏᴛқᴀнɯᴀ ᴋіᴛᴀᴨ ᴏқиын,жұʍыᴄ жᴀᴄᴀйын дᴇᴦᴇн ᴏйʍᴇн жүᴩᴇᴛін жᴀндᴀᴩ.Аᴧ біɜɯᴇ?Біɜ бᴏᴄ уᴀқыᴛыʍыɜдᴀ ᴛᴇᴧᴇɸᴏнды,ᴛᴇᴧᴇдидᴀᴩды қᴀᴩᴀᴨ ᴏᴛыᴩᴀ бᴇᴩᴇʍіɜ.Құᴩ ᴏйынғᴀ құʍᴀᴩᴛᴀʍыɜ.Тыʍ бᴏᴧʍᴀᴄᴀ ϶ᴧᴇᴋᴛᴩᴏнды ᴋіᴛᴀᴨᴛың біᴩ бᴇᴛін ᴏқиын дᴇᴦᴇн ниᴇᴛіʍіɜ бᴏᴧʍᴀйды.Нᴇᴦᴇ?Нᴇᴦᴇ ᴏᴧᴀй жᴀᴄᴀйᴄың?Нᴇᴦᴇ бᴏᴄ ᴏᴛыᴩᴀᴄың?Әᴧдᴇ бᴏᴧᴀɯᴀқᴛᴀ ᴀᴛᴀ-ᴀнᴀңᴀ ʍᴀᴄыᴧ бᴏᴧыᴨ,дᴀйын ᴀқɯᴀᴄын жыʍқыᴩуды қᴀᴧᴀйᴄыңбᴀ?Біᴧіʍᴄіɜдіᴦіңнᴇн ᴋөᴨ ᴀᴧдᴀныᴨ қᴀᴧуды қᴀᴧᴀйᴄыңбᴀ?Әᴧдᴇ әᴩᴋіʍнің ᴀᴩᴛын жинᴀᴨ қиынɯыᴧықᴛᴀ өʍіᴩ ᴄүᴩᴦің ᴋᴇᴧᴇдіʍᴇ?Жᴏқ,ᴄᴇн ᴏны қᴀᴧᴀʍᴀйᴄың,жᴏқ.Біɜ бәᴩіʍіɜ бᴀй әᴩі ᴀуқᴀᴛᴛы,ᴩᴀхᴀᴛ өʍіᴩ ᴄүᴩᴦіʍіɜ ᴋᴇᴧᴇді.Біᴩᴀқ ᴏғᴀн ᴛᴀᴧᴨынбᴀйʍыɜ.Әᴩᴇᴋᴇᴛ ᴇᴛᴨᴇйʍіɜ.Сᴏндᴀ қᴀᴧᴀй ᴀуқᴀᴛᴛы,біᴧіʍді бᴏᴧᴀᴄың?Оқы.Іɜдᴇн.Айнᴀᴧᴀңᴀ үᴧᴋᴇн ɜᴇᴩᴛᴛᴇуɯіᴧіᴋ әᴩі қыɜуғыɯыᴧықᴨᴇн қᴀᴩᴀ.Құᴩ бᴏᴄ жᴀᴛᴨᴀ,8 ᴄᴀғᴀᴛ ұйықᴛᴀ дᴀ қᴀᴧғᴀн уᴀқыᴛᴛы жұʍыᴄқᴀ,ᴇңбᴇᴋᴋᴇ,біᴧіʍᴦᴇ,іɜдᴇнуᴦᴇ ᴄᴀᴧ.Дᴀʍы.Тіᴨᴛі қᴀᴩᴀᴨᴀйыʍ ᴋинᴏны ᴋөᴩу ᴀᴩқыᴧы біᴩ ᴏй ᴛүюᴦᴇ бᴏᴧᴀды.Оᴧ ᴋᴇɜ-ᴋᴇᴧᴦᴇн біᴩ ᴋинᴏ ᴇʍᴇᴄ,ʍᴏᴛиʙᴀцияᴧық,ᴀдᴀʍды ɯыңдᴀйᴛын ᴋинᴏ бᴏᴧᴄын.Мінᴇ ᴏᴄыᴧᴀй әᴩбіᴩ ұᴄᴀқ-ᴛүйᴇᴋᴛі біᴧіʍᴦᴇ ᴀйнᴀᴧдыᴩ.

Қᴏɜғᴀᴧ.Дᴀʍы.Бүᴦінᴦі ᴋүнʍᴇн өʍіᴩ ᴄүᴩ.Іɜдᴇн.Әᴧі дᴇ ᴋᴇɯ ᴇʍᴇᴄ.Қᴀɜіᴩ бᴀᴄᴛᴀ.
709 views05:44
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 12:39:46
1.0K views09:39
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 12:39:24 Математика, Математикалық сауаттылық тапсыратындар үшін бірер кеңес

Зәуре Бөлегенова - математика, геометрия пәндерінің мұғалімі

• Алдымен ауызша пәндердің жауабын белгілеп алған дұрыс шығар. Себебі оған уақыт көп кетпейді.
• Ал математика есептеуді, жоғары концентрацияны, уақытты талап етеді.
• ҰБТ-ға кіргенде бастысы сабыр сақтап, артық ойды санадан шығарып тастау қажет.
• Математикалық сауаттылық пәнінің есептері кейде өте күрделі болып көрінеді, бірақ мұқият, түсініп оқысаң, жақсылап ойлансаң, оп-оңай болып шығады. Көбіне күнделікті өмірмен байланысты есептер келеді. Қарындаш, қалам, өшіргіш, сызғыштарды да алдын ала дайындап, сақадай сай болуың керек.
Математика бойынша лайфхактар:
• ҰБТ-ға бірнеше күн қалғанда әр пәннен негізгі деген 10 формула жазып тоңазытқышқа жабыстырып қоюға болады. Ары-бері өткенде жаттап жүресің, мида сақталады. 
• Балалар аз уақыт қалғанда шамадан тыс уайымдап немесе асыра дайындалса бүкіл формуланы ұмытып, шатасып қалуы мүмкін. Сондықтан миды тынықтыру керек. 
• Есепте орнына қою тәсілін қолданса болады. Яғни жауаптарды есептің берілгеніне қойып шығарады. Кейбіреуі логикамен де шешіледі.
961 views09:39
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 22:24:46 Менен бір түнгі #мотивация

Бір керемет мемлекет бар. Кешегі балшық пен қоқыс, лашық пен кедей-кепшік, бір қараса мәдениеті, медицинасы, экономикасы мен білімі де озық, ауқаттылар мен білімділер жиналған жап-жарық ел. Ол—Финляндия. Ал Финляндияны балшыққа батып бара жатқан жерінен шығарып, биікке жетелеген ержүрек Снелман еді. Қалай дейсіз ғой?

Снелман ұйқыда жатқан халқын оятуға тырысты. Білімге, еңбексүйгіштікке, іс-әрекетке шақырды. Халқының рухын оятты, көзін ашты. Мемлекеттің көркеюі, дамуы әр адамның қолында екенін жеткізді. Бүгінде Финляндия озық, дамыған мемлекеттердің қатарында. Және халқы бақытты.

Білесіз бе, мен де сіздің "Снелманыңыз"болып, сізді білімге, еңбекке шақырғым келеді. Әрекет түбі—берекет. "Менің қолымнан келмейді, мен бақытсызбын" деген ойларды бір шетке жиып қойып, дәл қазір әрекетке көшіңіз.

Кітаппен сырласыңыз, білімдімен ДОС болыңыз. Айналаңызды дарындыларға толтырыңыз. Сіздің қолыңыздан келеді! Тек жылы төсегіңізден тұрып, алғашқы қадамды жасауға қорықпаңыз!!!
Рас айтамын, сонда ғана сізде ақша да, көңіл-күй де, ең бастысы бақыт та болады.

Бүгінгі бақытты күндер үшін мен кеше еңбек еттім. Әлі де іздену үстіндемін. Сіздерді де менімен бірге бақытты болуға шақырамын
834 views19:24
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 12:45:37 Шығармашылық— Мамандықтары!
1.0K views09:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 12:33:49 МАМАНДЫҚ!!!


Мектепті алғаш аттағандағы мұғалім бәріміздің есімізде шығар... Әрқашан ыстық қой.

Бастауыш сынып мұғалімі - мектепте 1-4 сыныптар арасындағы оқушыларға негізгі пәндерден сабақ беретін педагог-маман.

Бастауыш сынып мұғалімі болуы үшін мынадай қасиеттер керек:
балалармен жұмыс жасай білу;
жауапкершілік;
адамдармен жақсы қарым-қатынас орната білу;

Бұл мамандықты таңдау үшін ҰБТ-да бейіндік пәнге биология және география пәндерін таңдап, кемінде 75-80+ балл жинау қажет.

"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығын оқытатын ЖОО:
Абай ат. ҚазҰПУ;
ҚазҰҚПУ және т.б.

Бұл мамандықты бітірген мамандар жалпы білім беретін мектептерде, оқу орталықтарында жұмыс істей алады. Бұл мамандар әрқашан сұранысқа ие, айлық табысы 70-150.000тг арасында.
1.0K viewsedited  09:33
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 05:47:21 Сендерге бір жақсы-жақсы нәрсе айтып қояйын иа!
— Қарашы, родной
Арманың болса егер де, орындалуға әрекет жаса ондайда!
— Арманың бар ма?
Онда тұр!
Еңбек ет!
Күлімде, қане!
Аянба арман жолында!
Мен саған сенемін!
Сен өзіңе сен, әрдайым*
Сенші, РОДНОЙ
BARI DE SENIŃ QOLYŃDA! +140
#мотивация чеек)
826 views02:47
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 16:49:09 ​​Табысты студенттен 5 лайфхак

Әрқашан жоғары білімді диплом алып қана қоймай, сол оқу үрдісінің ұнамды тұстарын да қатар алып жүргің келеді. Көптеген студенттер бұл туралы ойланады, бірақ оны іс жүзінде қалай жүзеге асыруды білмейді.Бүгін біз сіздерге көмектесетін 5 лайфхак ұсынамыз. ⠀
Табысты студенттің стратегиясы.Оқуда жетістікке жету үшін студенттер шығармашылық, ойлау, тиімділік, ынталандыру және бастамашылық сияқты қасиеттерді дамытуы керек.
Өз қабілеттеріңізге күмәнданбаңыздар. Көптеген студенттер қиын міндеттерге тап болған кезде мазасыздық пен стрессті сезінеді. Іс-әрекеттеріңізді  абстракциялауға тырысыңыз және өзіңізді әлемдік маңызы бар мәселелерге тап болған ғалым немесе өнертапқыш ретінде елестетіңіз. «Маска» сізге тәжірибенің жетіспеушілік сезімін жеңуге және тым қиын болып көрінетін мәселені шешуге көмектеседі.⠀
Барлық сезімдеріңізді қолданыңыз. Тиімді оқу үшін миыңыз әртүрлі ақпарат көздерінен мәлімет алуы керек. Дайындық барысында барлық сезім мүшелерін қолдануға тырысыңыз.⠀ ⠀
Көңіліңізді түсірмеңіз! Шамадан тыс толқулар оқу үрдісіне кері әсер ететінін естен шығармаңыз. Олардың әсерін болдырмас үшін қол жеткізгіңіз келетін нәтиже туралы ойлануға тырысыңыз. ⠀
Тәуелсіз болыңыз.Егер сіз бір орында тоқтап қалмай, сабақ барысында алынған материалдармен ғана шектелмей, ақпаратты өзіңіз табуға және талдауға дағдылансаңыз – оқу процесі жақсы нәтиже береді. Белсенділік пен жауапкершілік, оқуға деген саналы көзқарас - бұл сіздің тәлімгерлеріңіз күтетін қасиеттер.
2.5K viewsedited  13:49
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 06:01:08 Студенттен кеңес

Оқудың аяқталып, ҰБТ-ның соңы көріне бастаған соң біз барынша сіздерді ендігі кезекті ЖОО-ға түсу, тапсыру, студенттік өмірге дайындау мақсатында пайдалы ақпараттар жариялап жатырмыз. Өздеріңіз де байқаған шығарсыздар...

Енді тағы бір қызықты пост дайындадық. Сіздер мектепті енді бітіріп, универге аяқ бассаңыздар, біреулер ол оқу орнын тәмамдап жатыр. Сол себептен ЖОО бітіруші жас мамандардан жас түлектерге қандай кеңес кеңес беретіні туралы сұрадық. Ендеше студенттен балмұздаққа кеңес

Баланс ұста
Үздік боламын деп оқуға тым баспен кіріп кетпе. Білім мен ғылымның шегі жоқ, оның шегіне жетем, бәрін білем дегенше бүкіл өмірің өтеді. Ал сенің студенттік шағың - өміріңнің ең тәтті шағы. Оны тек қана кітап кемірумен өткізсеңіз, кейін өкінесің. Бірақ жас екенмін деп, оқуды да тастай салуға болмайды, себебі, ол сенің болашақта қандай маман болатыныңа, жұмысыңа әсер етеді. Сондықтан ойын-күлкі мен оқу-білімнің арасында баланс ұстай біл.

Өз қызығушылықтарың мен хоббиіңе уақыт бөл
Мектеп кезінде неше түрлі жарысқа қатысып, түрлі нәрсе қолынан келетін оқушы универге келген соң, сабақтан қолы босамай ол хоббилері, қызығушылықтары, таланттарына көңіл бөлмей кетеді. Өзіңді жоғалтпа, керісінше, дамыта түс.

Магистратураға, шет елге түскің келсе, дайындал...
11-сыныпта ҰБТ тапсыратының білдің ғой, біле тұра 9,10 сыныптарда дайындалдың ба?! Жоқ. 11-сыныпта тақалғанда дайындалып, уақытты кері қайтара алсам ғой деп қынжылдың ғой.
Сол қателігіңді универде қайталама. Бакалаврды жалғастырғың келе ме?! Дайындал. Шет елге кеткің келе ме?! Тіптен екі есе көп дайындал. 4-курста дипломдық жұмыс пен практиканың шаруасы деп, ол дайындыққа уақыт болмайды. Сондықтан уақытты жоғалтпа.

Белсенді болуға тырыс
Активист болу, әрине, бәріне бірдей берілетін қабілет емес. Бірақ, өзіңе ұнайтын үйірмелер, клубтар болса, ұялмай тартынбай барып, қатыс. Өзіңе ұқсайтын, қызығушылықтары ортақ жаңа орта, жаңа достар табуға, әрі өз хоббиіңді дамытуға, қызықты студенттік өмірді өткізуге көмектеседі.

Таныстықтарға ашық бол
Жаңа достар табуға да ашық бол. Мұғалімдермен жақсы қарым-қатынас орнат. Жатақханадағы апай-ағайлармен де дос бол. Бұның бәрі өзіңе жатақхана алуға, баға қояр кезде көмегі болады. Оны біреуге жалмаңдау деп емес, жай “адам күні адаммен” деп қабылда.

Пост қызықты болды ма?
2.2K views03:01
Ашу / Түсініктеме