2021-05-08 22:55:28
Қайырлы түн, Көркемдерім
Қасиетті Қадір түні құтты болсын
Алла Тағала айлардан – Рамазанды, күндерден – жұманы, түндерден Қадір түнін артық еткен.
Қасиетті Құран Кәрімнің «Қадір» сүресінде: «Қадір түні мың айдан қайырлы», – делінген. Бұл түнде періштелер жерге түседі.
Қадір кешін құлшылықпен өткізген адам үлкен сауапқа кенеліп, екі дүниенің қуанышына бөленеді деген екен.
Ендеше бір ай бойы ұстаған оразаларыңыз бен Қадір түнінде жасаған дұғаларыңызды, барлық тілектеріңізді Рахымды Аллаһым қабыл еткей!
Сіздерге арнап, осы қадірлі түнді мол сауапқа толтыратын қасиетті ДҰҒАЛАРДЫ жинадық!!!!
Мол сауаптан сіз де құр қалмаңыз
14.7K views19:55