2021-05-13 01:37:59
Құрметті Көркемдерім!
⠀
Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, Алла тағаладан баршаңызға қуаныш, отбасыларыңызға береке-бірлік, сүйікті Отанымызға гүлдену мен өркендеу, дінімізге қуат, барша мұсылмандарға тыныштық пен шаттық тілейміз.
Әумин!
⠀
Бүгінгі күннің соңғы тапсырмасы
⠀
Алланың қалған 8 есімін жаттау!!!
⠀
Әл-Хамид-Пәктеулі, Дәріптеулі, Мақтаулы. Мадақ Иесі. Алла Тағаланы кәпірлер мен екіжүзділерден басқасының бәрі мадақтайды.
⠀
Әл-Хай-Тірі. Ол мәңгі өмір сүреді, мәңгі болды және мәңгі болады. Оның тірі болуының басы да, соңы да жоқ.
⠀
Әл-Хасиб– Есеп беруші, Жеткізуші. Өз құлдарының қажеттерін өтейді.
⠀
Әл-Хафид-Түсіруші. Алла Тағала кәпірлерді тозақтың түбіне түсіреді және кәпірлерге қайғы, мұң-зар мен азап береді. Кім Алла Тағаланың бұл ғажайып есімін 500 мәрте зікір етсе, Хақ Тағала оның дұғасына жауап береді.
⠀
Әл-Хафиз-Бүкіл нәрсені сақтаушы,қорғаушы
⠀
Әл-һәди-Апарушы, Жүргізуші, Ілестіруші. Мустақим жолға салушы. Жүректерді хақты табу үшін бағыттайды. Дінде немесе дүнияуи амалда пайда беретін нәрсеге жолықтырады.
⠀
Әш-Шәкур-Шүкірді қадірлеуші. Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мәрхамет етеді. Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді.
⠀
Әш-Шәһид-Куә. Ол анығын да, белгісізін де біледі және соған Куә. Алла Тағала Өзінің иләһи сипаттарыменен жалғыз Құдай екенін білдіртеді.
⠀
Алланың 99 есімі осымен бітті, барлығыңыздың үлкен сауапқа кенелулеріңізге тілекшіміз
917 viewsedited 22:37