Get Mystery Box with random crypto!

​​'Цезарь' салаты. Бұл салатты әркім, әрқалай дайындайды. Ме | Асхана алемі

​​"Цезарь" салаты.
Бұл салатты әркім, әрқалай дайындайды.
Менің дайындау әдісім
РЕЦЕПТ:
. Керекті азық-түлік:
. Тауықтың төс еті(филе).
. Пекин капустасы.
. Салат жапырағы.
. Батон нан.
. Черри қызанағы.
. Бөдене жұмыртқасы - 20 шт.
. Пармезан сыры - 100 гр.
. Зәйтүн майы - 4 ас қасық.
. Паприка - шәй қасық жартысы.
. Куркума - шәй қасық жартысы.
. Кориандр - пышақтың ұшымен.
. Тұз - себелеп, көз өлшеммен.
. Вегета тұздығы - 1 шәй қасық толтырып.
. Цезарьға арналған Calve мойенезі.
. Төс етке(филеге) арналған суреттегідей приправа.
. Дайындалуы:
. Алдымен бөдене жұмыртқасын қайнатасыз да, піскесін ыстық судан мұздай суға салып, тез-тез жуып, судан шығарып суытып қоясыз(жалпы кез-келген жұмыртқаны осылай жасау керек, әйтпесе қабығы жабысып ашылмай қаласыз). . Батон нанды алып кішкене кубиктар етіп турайсыз. Мен 1 батонның жартысын қолдандым. Одан кейін зәйтүн майына вегета тұздығын көрсеткен мөлшерде саласыз да паприка, кориандр, куркума, тұз салып, жақсылап араластырып, қызып тұрған дуxовкаға салып, қоңыр түске енгенше пісіріп аласыз. Куркума нанға қоңыр түс берсе, кориандр, вегета, паприка ерекше дәм береді .
. Тауықтың төс етін жұқалап ет ұрғышпен немесе қандай да бір затпен ұрып жұқалатасыз да филеге арналған тұздықпен пісіресіз. Оның қалай пісірілуі маггидің(суретте бар ) филе тұздығы сыртында көрсетілген.
. Соңында, салат жапырағын қолмен туралайсыз, пекин капустасын кубик қылып орташа көлемде кесесіз. Черри және бөдене жұмыртқаларын тек ортасынан бөліп кесе саласыз, піскен тауықтың етін де кесесіз орташа көлемде, сосын барлығын бір ыдысқа салып, цезарьға арналған мойенезбен араластырып, бетіне пармезан сырын сеуіп ұсынасыз! Жалпы цезарьға "пармезан" сыры қолданылады. Егер calve-нің "цезарьға" арналған тұздығы ұнамаса, мойенезге сарымсақты теркадан өткізіп араластырып қолдансаңыз болады. Ал нанын пісіруге ерінсеңіз немесе уақыт тапшы болса, "Хрус team" суxаригінің "Багет" деген түрін қолдансаңыз да болады. Айтар кетер тағы жәйт, нанды тек салатты дастарxанға қояр алдын немесе жейтін кезде ғана қосыңыз, сонда жегенде қытырлап ерекше дәм беріп тұрады.