Get Mystery Box with random crypto!

​​Өте жұмсаақ сүзбе қосылған тəтті нандар! (Булочки с творогом | Асхана алемі

​​Өте жұмсаақ сүзбе қосылған тəтті нандар! (Булочки с творогом)

ҚҰРАМЫ :
3-3,5 стакан ұн
1 стакан жылы сүт
4 ас қасық қант
100 гр маргарин, болмаса сары май
1 шəй қасық ашытқы (дрожь)
тұз шым - шым
1 шəй қасық разлыхлитель
1 жұмыртқа (бетіне жаққанға).

Жасалуы :

Кішкене жылы сүтке 1 ш.қ қант пен дрожь салып араластырамыз.10 мин қоя тұрыңыз.Қалған сүтке маргаринді ерітіп қосамыз. Қантты араластырамыз.Ұнды разл-ды қосып, ситодан өткізіп, жаңағы сұйықтыққа қосып, ашытқымен араластырып, өте жұмсақ қамыр илейміз. (Қолға сəл жабысатындай) 1 сағатқа жылы орап қоямыз. Көтерілгесін бірнеше бөліктерге бөлеміз домалақтап.

Салмасы :

300 гр-дай творог (суы шыққан,құрғақ болуы тиіс )+ 2 ас қасық қант.Начинка өз қалауыңызша сала беріңіз! Қалғаны суретте түсінікті жасалатыны. Формалар жасап, жұмыртқаның сарысын жағып,сосын қант себіп, содан кейін мак, кунжут себіп,180°- та 20-25 мин қызарғанша пісіреміз.

Ас болсын!