Өмірде екі түрлі адам бар. Біреуі әрдайым жаман ойлап, тырнақ астынан кір іздейді. Ал біреуі әрқашан жақсы ойлап, өмірінен ләззат алады.
⠀
Сол екі адамды жәндіктермен салыстырайық. Жаман ойлайтын адам - шыбын тәріздес. Ал, жақсы ойлайтын кісі - ара секілді.
⠀
Шыбын - табиғатына сай қоқыспен қоректенеді. Жұпар иісті гүлдердің арасында жүрсе де, іздегені тезек.
⠀
Ал араның табиғаты гүлге құштар. Қоқыстың арасында жүрсе де, гүлді іздеп табады.
⠀
Ыбырай атамыз: “Тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылар” - демекші, неге ұмтылсақ, соған жетеміз.
⠀
Сол үшін таңдау өзімізде.
⠀
#түнгі_шабыт