Гарвардтың іздеген адамы. Әлемнің ең үздік оқу орнына дайынд | Алмат Жайлаубаев
Гарвардтың іздеген адамы.
Әлемнің ең үздік оқу орнына дайындық – өмірге қажетті қабілеттерді дамытады.
⠀
Мысалы Гарвард университетін алайық. Бұл университетке түсу үшін мына талаптарды орындау керек:
⠀
1. Ағылшын тілін жетік білу [IELTS/TOEFL]. Басқа шет тілдерін білу - нұр үстіне нұр болмақ;
⠀
2. Ағылшын тілінде ойыңызды еркін жеткізіп, ғылыми тұрғыда қағаз бетіне түсіре алу;
⠀
3. Критакалық ойлау мен логикалық қабілеттің жоғары дәрежеде болуы;
⠀
4. SAT эмтиханынан жоғары балл алу;
⠀
5. Мектептегі үлгерімнің соңғы 3-4 жылда өте жақсы болуы;
⠀
6. Ресми, бейресми іс-шараларға белсенді түрде қатысу;
⠀
7. Пәндік олимпиядадан дүние жүзілік дәреже болса нұр үстіне нұр болмақ;
⠀
8. Бір спорт түрімен шұғылдану; (Дәреже болса керемет болады. Жалпы спортпен шұғылданатын баланың денсаулығы мықты, жаман әдеттерден аулақ болады.)
⠀
9. Бір музыкалық аспапта ойнау; (осындай қабілеттерге қатты қарайды, өйткені шығармашылық жағы қатты бағаланады.)
⠀
10. Халық алдында еркін сезініп, еркін сөйлей алу мен лидерлік қасиеттердің болуы;
⠀
Тағы осылай бұл тізім созыла береді. Дегенмен осылардың бәрін Гарвардтың қалағанындай дұрыс толтырып, дәлелдей алу керек.
⠀
Талаптарды орындаған баланың ең үздік оқу орнына түсу мүмкіндігі зор.
⠀
Сөз соңы. Гарвардқа дайындалу арқылы - нағыз өмірге шыңдалады. Ал, өмірге шыңдалған бала - “шымыр” болады. Гарвардтың іздеген адамы да осы!
⠀
Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын.
https://t.me/almatzhai