Get Mystery Box with random crypto!

ЭКСПЕРИМЕНТ Өзіңізді эксперименттің құрбаны секілді сезініп кө | Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері

ЭКСПЕРИМЕНТ
Өзіңізді эксперименттің құрбаны секілді сезініп көрдіңіз бе? Мен кейде өзімді Ғарыш Мектебі лабораториясында экперимент үшін асырап отырған қоян сияқты сезінетінім бар. Бірақ, экспериментті сәтті өткеріп, тағдыры Тәңіріге бет бұрған БАҚЫТТЫ қоян. Эксперимент тек қоян мен тышқанға ғана жасалады деп ойлап қалмаңыз. Бұл Жер ғаламшарында арыстанға да эксперимент жасалады. Арыстан мен жолбарысты будандастырып Лигр жаратып жатқан адамдардан не сұрайсыз!
Меніңше бұл дүниедегі адамның бәрінің үстінен қазір үлкен эксперимент жүріп жатыр. Біздің миымыз бен тән санамызды теледидар деп елестетсек, оның пультіне таласатындар көп. Бізді қоршаған Астрал, Ментал дүниесіндегі түрлі Тіршілік Иелері біздің болмысымыздан өз каналын ғана көргісі келеді. Мысалы отағасы саяси жаңалықты, шешесі сезімдік сериялды, бозбала эротикалық фильмді, сәби мултфильмді көремін деп ықылас танытпай ма? Осылайша біздің сана экранымыз көрінбейтін күштердің ықпалымен түрлі каналдарға әлсін-әлсін ауысып отырады.
Жарық Күштері біздің сана-экранымызға танымдық, тәрбиелік ақпараттарды жіберсе, Түнек Күштері керісінше қорқынышты, аздырушы ақпараттарды тықпалайды.
Санамызды тек өзіміз басқарып, өзіміз қалаған ой мен сезімді сезініп өмір сүруіміз өте қиын, тіпті мүмкін емес деуге болады. Жаман ой мен сезімді санаға енгізбеуге барынша тырысып, күні бойы ширығып жүрсеңіз де түнде маужырап бейқам ұйқыға кетіп бара жатқанда Түнектің ақпараттық шабуылына ұшырауыңыз әбден мүмкін.
Санаға сап ете түскен ақпараттың Жарықтан не Түнектен екенін қалай ажыратамыз?
Егер сізде астралды сезім дами бастаған болса Ізгіліктің жұпар иісі мен Зұлымдықтың сасық иісін сезесіз. Мұны алғашқыда түсінбей, «жақын жерде бірдеңе шіріп жатыр» деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ ол жаныңыз жиіркенетін мүңкір иіс Астрал Дүниесіндегі сізге жақындаған Зұлым пиғылдың иісі.
Айналасына ізгілік жұпарын шашқан Ұлы Рухтардың денесі өлгенде де шірімейді. Сол баяғы жұпар шашқан қалпында сақталады.
Адамзаттың әлемдік дәрежедегі лидерлерін де бар болғаны эксперимент астындағы арыстан не аю деп атауға болады.
Түнектің сасық жоспары – алтын миллиярд, Жарықтың жұпар жоспары – Жерұйық.
Әманда, жарықтың эксперименті жеңіске жетсін деп тілейік!