Get Mystery Box with random crypto!

ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ ТҮБІ «Ақ Сарбазды бір көрсем, сұхбат құрсам, сұ | Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері

ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ ТҮБІ
«Ақ Сарбазды бір көрсем, сұхбат құрсам, сұрайтын нәрселерім көп» деп құлшынатындар, өздерін бұған қандай «КҮШ» итермелеп тұрғанын ойланса деймін. Өйткені, егер Құдай қалап, Ұстаздың алдына бара қалсаңыз Ол сіздің барлық құпияңызды көреді. Қайда бара жатқаныңыз, қайдан келе жатқаныңыз... Аузыңыз айтқанды қолыңыз істей ала ма? аузыңыз «барам» деген жерге аяғыңыз бара ала ма? бәрі-бәрі көрініп тұрмақ. Бұрынғы ғұмырларыңыздағы, осы ғұмырыңыздағы жақсы-жаман кармаңыз да көрініп тұрмақ.
Егер сіз Түнек жетегіндегі адам болсаңыз, Ақ Сарбазға бару, оны мойындау арқылы Жарық Күштері жағына шыққан боп есептелесіз. Енді сіздің қауіпсіздігіңізді Жарық Күштері қамтамасыз етеді. Алайда ерсілі-қарсылы жүріс жасау – үлкен қатерге ұрындырады.
1994 жылы Ақ Сарбаздың алғашқы кітабы орыс тілінде жарық көрген соң, көп кешікпей оған бір орыс жігіті іздеп келіпті.
Әлгі жігіттің оқымаған кітабы, тоқымаған білімі жоқ көрінеді. Ол жігіт қызыл тілін безеп, «артта қалған» «қараңғы» халықтан Ғарыш Сарбазы шығуы мүмкін еместігін дәлелдегісі келген сыңайлы.
Алайда оқыған білім қанша үлкен болса да, ол Ғарыш Санасымен қосылып жатпаса, түбі бір шолтиып шеті шығады.
Ұстаз ол «білімпазды» ол біле алмаған біліммен төмпештеп-төмпештеп, төмен түсіріп, тәубесіне келтіреді. Ол жігіт қазақты мойындап, Ақ Сарбаздың айнымас шәкірті болам деп уәде беріп, еліне аттанған.
Алайда артынан айнып, қазақты қаралап, Ұстазды табалап хат жазады. Хаттың соңында: «Сізге тағы барып, осы жолы өз сөзімді дәлелдеп шығамын» деп мәлімдейді.
«...Бірақ ол маған жете алмады» – деп әңгімеледі Ұстаз, – аэропортта біреу желкесінен темірмен ұрып, өлтіріп кетіпті...