Get Mystery Box with random crypto!

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ ҚҰПИЯСЫ Тоқсаныншы жылдардағы рухани ізденіс ме | Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
Тоқсаныншы жылдардағы рухани ізденіс мені Алматының қара базарын шарлап рухани кітаптар іздеуге итермеледі. Бір күні Даниил Андреевтің «Роза Мира» деген кітабын көріп, қойдың құнындай ақшаға сатып алып оқып шықтым. Орыстың ақын-жазушысы әрі философы Д.Андреев қасиет көздері ашылғанда осы кітапты түрмеде отырып жазып шығыпты. Бұл кітаптан мен эгрегор дегеннің гаввах дегеннің не екенін, тағы да көптеген құбылыстардың атауларын білдім. Алайда мен оқыған кітаптардың еш жерінде кең байтақ Қазақ жері мен елі туралы ештеңе айтылмайтыны таң қалдыратын. Ресей бар, қытай бар, ортасындағы біз – қазақтар туралы ешбір рухани әдебиет ләм-мим деп жұмған аузын ашпайды. Неліктен? Кейін Ақ Сарбаз іліміне ден қойған кезде осы туралы Ұстаздан сұрадым.
– Бұл Ғарыштағы ең үлкен құпия болатын – деп жауап берді Ұстаз, – Бұл құпияны Өте Жоғары Дәрежедегі Жарық Күштері ғана білді. Бұл – Құдайдың ерекше Жоспары еді. Өйткені адамзат әбден азғындап Құдайдан безген уақытта, ақырға дейін азбай жететін қасиетті халық пен оның киелі Жері туралы Түнекшілер уақытынан бұрын білсе бізді жойып жіберетін еді.
Е.Блаватская, Е.Рерих, Д.Андреев сынды рухани дамыған тұлғалардың Ресейді мақтап, оның жарқын болашағын болжап жазған еңбектерінің аяғы не болды? Түнекшілер төңкеріс жасап патшаны тақтан құлатты да Иерархия Заңын бұзып, өз иерархиясын орнатты.
Люцифер ойлап тапқан коммунизм идеясы – ұлы идея. Бірақ ол Түнекке қызмет етті. Сол себепті 70 жылдан артық өмір сүре алмады.
Қазір Алтыншы сатыға өтуге дайынық үстіндегі адамзатқа түрлі рухани жолдарды насихаттайтын сансыз білім көздері ашылуда. Бұлардың көбі адамды адастыру үшін Түнектің ойлап тапқан қитұрқы амалы болуы да мүмкін.
Қазақтың Жерұйыққа айналар жері туралы, қазақ елінің адамзатқа көшбасшы болар болашағы туралы құпия енді жасырын емес.
Бұл туралы Ақ Сарбаз кітабында анық жазылған. Ендеше «Ғарыштан келіп жатқан» рухани «хабарларда» бұл ақпарат жоқ болуы қалай? Өздеріне Ғарыш Азаматтары болуға мүмкіндік алып берген қазақ халқын өзге ұлт өкілдерінің әлі күнге менсінбейтіндерін қалай түсінеміз?
Әлде мұның себебі біздің өз-өзімізді менсінбеуімізден бе екен?
«Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейтін қазақ емес пе едік?!
Ақылмен саралап қарасаңыз Ғарыштың 7 Заңын Ақ Сарбазға дейін ешкім орын-орнына қойып, жүйелеп, талдап бере алған жоқ. Рухани кітаптарда Ғарыш Заңдары үзік-үзік қана баяндалатын. Ғарыштың қалай құрылып, қалай өркендейтінін түсіну үшін Ғарыш Заңдарын түгел білмек керек.
Ақ Сарбазға дейін өзінің бұрынғы өмірлерін түгел есіне түсіріп, оны жазып қалдырған да ешкім болмады.
Кітаптағы Білімнің құдыреттілігі сондай, оны осы уақытқа дейін ешкімнің түртіп қозғауға батылы жетер емес. «Сенуге сезімі жетпейді, зерттеуге білімі жетпейді» деп күледі Ұстаз осы туралы әңгіме болғанда.
Христиандардың киелі Кітабындағы «Жұбатушы-Параклет» деп аталған Ақиқаттың Рухы Жер бетіне Ақ Сарбаз есімімен жіберілгенде оны әу бастан күтіп жүрген алпауыт елдің діндарлары қабылдамай қойды. Тіпті Ақ Сарбазға «ақпараттық өлім» жариялады.
Ақ Сарбаздың алып Рухының бұл дүниеде жүргеніне 80 жыл толғанда барып, Оны қазақтар қуана қабылдай бастады.
Бұл туралы «Ақ Сарбаз» кітабында Киелі Кітаптан үзінді келтіреді:
«апостол Иоаннан бұрмаланбай жеткен Інжілде былай делінген:
«14-тарау.
17. Ақиқат Рухын бұл жалған қабылдай алмайды, өйткені Оны көре де, біле де алмайды; ал сендер Оны білесіңдер, себебі Ол сендермен бірге және бола бермек,
18. Сендерді жетім қылмаймын: сендерге келемін» («Ақ Сарбаз» кітабы. 324-б. Алматы-2022)
Демек Киелі Кітаптағы астарлы сәуегейлік әу баста қазақтар үшін жазылған болды ғой?!