Get Mystery Box with random crypto!

ӨЗ ӨЗІМІЗДІ БАҒАЛАЙЫҚ «Сексен алтының желтоқсанында жас жанын | Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері

ӨЗ ӨЗІМІЗДІ БАҒАЛАЙЫҚ
«Сексен алтының желтоқсанында жас жанын Жер Ғаламшарын шырмаған түнектің торынан құтқару үшін құрбандыққа қиғандардың ішінде Алтыншы Сатының ұл-қыздары болды» – дейді Ақ Сарбаз. Адамзаттың Алтыншы Сатыға өтуі қазақ жастарының қасиетті қанының арқасында мүмкін болды.
«Желтоқсан Құрбандарының қаны адамзатты Әзәзілдің торынан босатты. Бұдан былай Құдайға сенушілер Ғарыш Азаматтарына айналады». («Ақ Сарбаз» кітабы, 5-тарау)
Қазақ: «малым – жаным садағасы, жаным – арым садағасы» дейді. Ел басына күн туғанда халық үшін құрбан болар батырлар ел ішінен әманда шығып отырған.
Құрбандық не үшін керек? Құрбандық немесе садақа беруші тарапқа энергетикалық ресурс сыйлайды. Яғни сіз қара күштерден көбірек зәбір көріп, шыдаған сайын зәбірлеуші тараптың карма зауалын күшейте түсесіз.
Бұл мәңгі жалғаса беруі мүмкін емес. Шыдамның да шегі болады.
«Әзәзіл үмбетінің сұмдық қылмысы нәтижесінде пайда болған жаңа карма мен жаңа энергия ресурсы Ақ Сарбазға кез-келген қарымта әрекетке мүмкіндік береді». («Ақ Сарбаз» кітабы, 5-тарау)
Ұлы Қазақ халқының шексіз шыдам-төзімінің арқасында Түнек Күштерінің қирайтын күні, соңғы сағаты үлкен шапшаңдықпен жақындап келеді.
Оны Ақ Сарбаз жүзеге асырады. Өйткені жаншылған, көп азап шеккен халықтың Перзенті ретінде Ол қарымта қайтаруға құқылы!
Құдай әу бастан таңдап алған, Тәңірінің сүйіктісі – Қазақ Елі Өзінің Тәңірлік Болмыс-Бітімімен, салт-дәстүрімен, тілімен жаңа өркениеттің көшбасшысына айналады. Бұл – көп қасірет шеккен, төзімі терең, шыдамы шексіз Ұлы халыққа берген Құдайдың құрметі мен сыйы!
«Біздің халқымыздың тіршілігі Ғарыш Жоспарына енгізілген. Тіпті Күннің өзі жарылып кетсе де, біздің еліміз аман қалады». («Тәңір Жауынгері» кітабы. «Ана»)