Get Mystery Box with random crypto!

АЛТЫНШЫ САТЫ АДАМЫ Рухани ізденіс Жанның шөлінен, Рухтың ашқар | Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері

АЛТЫНШЫ САТЫ АДАМЫ
Рухани ізденіс Жанның шөлінен, Рухтың ашқарақтығынан туындайды. Жасырақ кезде адам Құдайды өз болмысынан емес сырттан, әртүрлі ілімнен іздейді. Бұл «Ақ Сарбаз» кітабында адамның «Адасушы циклі» деп аталады.
Бұл циклден бәрі өтеді. Өйткені қараңғы түнекте қалып адаспасаң жарықтың не екенін біліп, оны іздемес едіңіз.
Біз оқыған әр кітаптан ең әуелі өзімізді іздейміз. Не болмаса сондағы оқиға, құбылыстарды өз өміріміздегі оқиғалармен салыстырып бағамдауға тырысамыз. Бұл – дұрыс. Өйткені Құдайды іздеу дегеніміз – Өзімізді, Түптабиғатымызды іздеу ғой.
Рухани жолды бастауға талпынған адам «Ақ Сарбаз» кітабында баяндалғандай «Ізденуші» атты үшінші циклға қадам басады.
Ақ Сарбаз Өз миссиясының маңыздылығына орай әр циклды жеті жылда өтіп отырған.
Бірақ, адамның бәрі бірдей емес. Кейбіреуіміз өмір бойы «Адасушы» циклында, енді біріміз «Ізденуші» циклында қалып қойуымыз мүмкін.
«Құдайдың алдына келуші» циклында адам өзінің Рухани Ұстазымен қауышады. Ұстазының көмегімен бойындағы қасиет көздерін оятып, өзінің Құдайлық болмысын таниды. (Көпшілігіміз бұл циклға тәнді тастап шыққанда тап болып жатамыз, өкінішке орай)
Егер сіз қазір Жер бетінде өмір сүруші Жан болсаңыз «Құдайдың алдына келуді» Жұмаққа енумен шатастырып алып жүрмеңіз.
Қазір әрбір «Құдайдың алдына келген» Жанның өмірі арпалыс пен азапқа толы сынақтардан құралған.
Бұл жолдан бас тартуыңызға да болады. Бірақ шын оянған Рух, ащы ақиқатты көріп тұрып әрекетсіз қала алмайды. Бұндай адамның іс-қимылы ақылдың көзімен қарағанда ақымақтың әрекеті сияқты боп көрінуі де мүмкін. Алайда өмірді ғажап жағына өзгертетін де, көзсіз ерліктерге бара алатын да осындай адамдар.