Get Mystery Box with random crypto!

Жан саясы✨

Telegram арнасының логотипі zhansayasy — Жан саясы✨ Ж
Telegram арнасының логотипі zhansayasy — Жан саясы✨
Арна мекенжайы: @zhansayasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.72K
Арнадан сипаттама

@zhannyn_sayasy_ (Instagram)

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 25

2021-07-03 21:32:04
609 views18:32
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 13:50:35
856 views10:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 17:32:28 Всем Ассаляму алейкум Максимальный репост.Нужна ваша помощь За 2 недели нам нужно собрать 1млн.У всех у нас есть мамы пожалуйста не проходите мимо.
423 views14:32
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 17:32:28
430 views14:32
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 11:07:15 Ұстамдылығымен танылған табиғин Ахнаф ибн Қайыс (Алла оған разы болсын) бір сөзінде былай дейді.
"Бір күні ішім қатты ауырды. Сол ауырымды көкеме (әкесінің бауыры) айтып мұңымды шақтым. Ол маған қарап қарап: "Бауырым! Басыңа қандай да бір қиындық келсе оны ешкімге тіс жарып айтпа! Себебі адамдардың тек екі түрі болады. Әуелгісі досың. Екіншісі дұшпаның. Досыңа айтсаң, досыңды күйіндіресің. Дұшпаныңа айтсаң сүйіндіресің. Одан кейін дәл өзіңдей дәрменсіз біреуге басыңа түскен қиындықты айтудың қандай қажеттілігі бар?! Басыңа түскен қиындықты жіберген Аллаға айт мұңыңды. Себебі тек соның құдіреті ғана қиындықты түп-тамырымен жоюға жетеді.
Бауырым! Менің қырық жылдан көзім дұрыс көрмейді. Тауды да сайды да көзім дұрыс көрмейді. Бірақ бұл жайында әйеліме де жақыныма да айтқан емеспін. Ешбір жандыға айтқан емеспін".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
265 views08:07
Ашу / Түсініктеме
2021-06-20 18:47:12
1.1K views15:47
Ашу / Түсініктеме
2021-06-20 18:47:12 ЖҮРЕГІҢІЗДЕ "АЛЛА" ДЕГЕН ЖАЗУ БАРЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Әлемде даңққа ие болған өнер туындыларына қарасаңыз бір шетінде авторының таңбасын байқайсыз. Немесе кез келген шебер өз жұмысына авторлығын растайтын өзінің қолын қояды.
Адам жаратылғандардың ішіндегі ең ұлы – туынды. Сондықтанда бізде де Жаратушының таңбасы болуы ақиқат!

Түркиялық дәрігер Халик Hyp Баки адамның жүрегін және әртүрлі ракурстан түсірілген фотосуреттерін мұқият зерттеп араб тілінде жазылған "Аллаһ" деген жазу бар екенін дәлелдеді.

Бұл жазу Құдайға сенетінде, сенбейтінде барлық адамда бар.
Бұл Алланың ғажайып кереметі.
Жүректі тұтастай бұлшық ет талшықтары қамтыған. Ал жазу орналасқан бөлігінде бірде-бір талшықтар жоқ. Бұл орын Жаратушының таңбасын қоюға арнайы жасалған ба дерсің!
1.1K views15:47
Ашу / Түсініктеме
2021-06-19 13:54:59 Мұсылман үмбеті Аллаһ елшісін жақсы көргені секілді Пайғамбарымыз да үмбетін өте қатты жақсы көрді. Тіпті жанындағыларды сахабаларым десе, өзінен кейін келетін біздер мен ақиретке дейінгі келетін мұсылмандарды «бауырларым» деп өзіне жақын тартқан.

Әнас ибн Мәлик былай дейді: «Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір және Омармен бірге Айшаның үйінде болатын. Мен ол кезде жасым он бесте еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шіркін, бауырларыммен жолыққанда ғой! Оларды қатты сағындым!» – дейді. Сонда Әбу Бәкір: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз сенің бауырларың емеспіз бе?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендер менің сахабамсыңдар, менің бауырларым мені көрмегендер. Мені растап, иман келтіргендер, мені қатты жақсы көретіндер. Тіпті олар мені өзінің баласынан да, әкесінен де артық жақсы көреді. Ей, Әбу Бәкір! Мен сені жақсы көргенім үшін олар сені де жақсы көреді, мұны қаламайсың ба?» – деп сұрағанда, Әбу Бәкір: «Қалаймын, Аллаһтың елшісі !» – дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): « Менің саған деген сүйіспеншілігім үшін олар сені
жақсы көреді, мен де оларды жақсы көремін », – дейді (Шархул-Мәзәхиби
Әһлі Сунна 100-хадис.) .

Осылайша Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзінен кейін келетін мұсылман үмбетін қатты құрметтейтінін, тіпті өте жақсы көретінін білдіріп, оларды «бауырларым» деп атаған. Алайда дүниеде бауырларын көрмесе де ақиретте өзінен кейінгі келген үмбетінің баршасын қалайша танитындығын мына сөзімен түсіндіреді.

Әбу Хұрайра риуаят еткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір күні мазарға барып: « Ей, қабір иелері, Аллаһтың сендерге сәлемі болсын. Иншаллаһ, бір күні біз де сіздердің қатарларыңа қосыламыз», – дейді де, артынша: «Бауырларымды сағындым, оларды көргім келеді», – дейді. Сонда сахабалар: «Аллаһтың елшісі, біз сенің бауырларың емеспіз бе?!» – деп таңданғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендер менің сахабамсыңдар, ал бауырларым әлі келген жоқ», – деп сөзінің астарын түсіндіреді. Артынша
сахабалар: «Аллаһтың елшісі, үмбетіңнен әлі келмегендерді қалайша танисың?» – деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Бір адамның маңдайы қасқа, аяқтары ала аты болса, оны бір топ қара аттардың ішінен тани ала ма?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Әрине, тани алады», – деп жауап берді.
Артынша Аллаһ елшісі (с.а.с.): (Менен кейін келетін) бауырларым да дәрет алғандықтан жүздері мен аяқтары нұрлы күйде жарқырап келеді. Мен олардан бұрын (жаннатқа) барып, бұлақтың басында қонақ ету үшін
күтемін...» (Хадистің жалғасы: «Байқаңдар! Түйенің өз келесінен қуылғаны секілді кейбіреулер менің де бұлағымнан қуылады. Мен оларға «Келіңдер мұнда» дегенде маған: «Олар сенен кейін басқа жолды таңдап адасты, үлкен күнә істеді» деп айтылады. Содан кейін мен де: «Онда бізден аулақ кетсін, аулақ деймін») деп ақиретке дейінгі келетін үмбетін қалай танитындығын әрі
оларды күтетіндігін айтқан (Мүслим,Тахарат 39 ) .
167 viewsedited  10:54
Ашу / Түсініктеме
2021-06-19 13:48:31 Аллахуммә инни ас-алюка хубба уа хубаа амалин юқоррибу илля хуббик уа джаль хубби әшәдду миналь мәил бәик

Передают со слов Абу ад-Дарды, что Посланник, мир ему и благословение Аллаhа, сказал:

كَانَ مِنْ دُعَاءِ دَاوُدَ يَقُولُ: اللهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ حُبَّكَ وَحُبَّ مَنْ يُحِبُّكَ، وَالْعَمَلَ الَّذِي يُبَلِّغُنِي حُبَّكَ، اللهُمَّ اجْعَلْ حُبَّكَ أَحَبَّ إِلَيَّ مِنْ نَفْسِي، وَأَهْلِي، وَمِنْ الْمَاءِ الْبَارِدِ .

«Давуд взывал, говоря: “О Аллаh, я прошу у Тебя любви Твоей, и любви того, кто любит Тебя, и деяния, которое приведёт меня к Твоей любви. О Аллаh, сделай Твою любовь для меня милее, чем я сам и моя семья, и милее, чем прохладная вода /Аллаhумма инни ас’алюка хуббака ва хубба ман йухиббука ва-ль-‘амаля-ллязи йубаллигуни хуббака, аллахумма-дж‘аль хуббака ахабба илеййа мин нафси ва ахли ва мин аль-маи-ль-барид”».
184 views10:48
Ашу / Түсініктеме