2021-07-22 22:12:38
Кейінгі кезде мына тектес әңгімелерді жиі байқап жүрмін:
— Бір кезде қатты депрессияға түсіп, өз-өзіме қол жұмсауға дейін бардым. Сосын өзімді сол батпақтан шығарып, жетістікке жеттім.
— Бала кезде әкем/шешем тастап кетті. Кедейлікте өстім. Бірақ қазір аяққа тұрып, жақсы ақша табатын болдым.
т.б. әңгімелер таныс шығар.
Бұрын мұндай әңгімелерді естігенде, менде аралас сезімдер пайда болатын. Бір жағынан сүйсінетінмін. Керемет success story ғой. Жалпы сценарий тұрғысынан қарасаң, кейіпкердің өсуін, өзгеруін, қиындықты жеңіп шығуын көрсететін кино/романдар адамға жақсы әсер етеді.
Екіншіден, өзіме қарасам, ондай қиындық көрмеген екенмін. Депрессияның не екенін білмей өстім. Әкем де, шешем де тастап кетпеді. Ақшадан қиналған күнім болмапты.
Сосын мынадай ой келеді ғой: "Мен олар сияқты қиналмадым, демек, олар сияқты жетістікке, табысқа жете алмайтын шығармын" деген. Не деген логика десей!
Менде, көбімізде де солай шығар, сондай тұлғаларға қатысты бір романтизм болған сияқты. Бейсаналы түрде сондай өмірді қалайтын да тәріздіміз. Не үшін? Happy end болғаны үшін ғана ма? Негізі оның өткен өмірі қызығуға тұрмайтын өмір ғой.
Қазір ондай адамдарды аяйтын болдым, шыны керек. Шынайы жанашырлық сезімі болады ғой, сондай сезім менде. Үлгі алғым да келмейді. Бәлкім сондай ситуацияға түсіп қалған басқа адамдар олардан үлгі алса, шабыт алса, жарасатын шығар.
Сенде бәрі жақсы бола тұра, сондай адамдарды тыңдай бергеннен, солардың романтизациясына ере бергеннен басыңда ұстаным (установка) орнап қалуы да мүмкін ғой "
Өмірде жоғары көтерілу үшін тереңге ("болотоға") түсуің керек" деген.
Осы ұстаныммен өмір сүрем десең, өз еркің. Бұл сен үшін шындық болмақ. Ал әркім өз шындығын өзі таңдай алады ғой. Бастысы, сол шындық сені бақытты етсе, болғаны.
Бір оқырманым жазып еді "
Өмірімде бәрі жақсы бола бастаса, чё та не так деп, артынша бір жамандық келетіндей қорқа бастаймын" деп.
Бұл да — установка, оның шындығы. Бірақ, айтыңызшы, бұл шындық оны бақытты етіп жатыр ма, жоқ па?
Ал сол шындығын былай деп өзгертіп көрсе ше: "
Өмірімде бәрі жақсы бола бастаса, демек, бұл мені одан да жақсы нәрселер күтіп тұр деген сөз" деп?
"Болото"-ға түсіп, бірақ қайта тұрған адам мақтауға лайық шығар. Бірақ өмір бойы "болото"-ға түспей, бақытты өмір сүре білген адам одан да лайығырақ!
https://t.me/dzhigitbek
392 views19:12