Get Mystery Box with random crypto!

Қайырлы таң құрбым *Егер бір кесе суға тұз қоссаң, суды ішу | СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

Қайырлы таң құрбым

*Егер бір кесе суға тұз қоссаң, суды ішу мүмкін емес болады, ал егер сол кеседегі суды өзенге ағызып жіберсең ше?
Суды қайта ішуге болады..

Біздің жүректерімізде дәл солай. Егер де жүрегіміз кеседей кішкентай болса, басқаның кемшілігін қабылдай алмай, басқа адамды өзгерткіміз келіп тұрады. Жүректегі мейірім ол адамды ақтауға немесе көңіл аудармауға жетпейді

Ал егер жүрегіміз теңіздей үлкен болса, басқа адамға деген мін, сын, жек көру, өзгерткіміз келу деген қасиеттерден аулақ болар едік. Оларды ақтауға, ренжімеуге, өзгертуге тырыспауға мейірім, кеңділік жетер еді

Таңертең осы жазбаны оқып, кішкене босаңсығандай болдым
Басқаны өзгертуге тырысу - бос нәрсе екенін ұмытып кеткен көрінемін