Get Mystery Box with random crypto!

Өмірімнің қиын кезеңінен үзінді Шынымды айтсам, ол кезеңді қ | СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

Өмірімнің қиын кезеңінен үзінді

Шынымды айтсам, ол кезеңді қиын деп айта алмаймын. Мүмкін бір өтпелі, жағымсыз кезең дейін бе

Бірақ, уақыт өте келе, ол жағдай менімен не үшін болғанын түсіндім

Бұл постта мен осуждение/тәкаппарлық жайлы сөз қозғаймын

3 курс - психологияға енді қадам басып, білімімді жетілдіріп жүрген кезім. Психологияға қызығатындар түсінеді, біраз білім алған соң басқа адамның да проблемасын жайлап сөз арасында көре бастайсың.

Үйдегі әпкеме, жеңгеме айтып бөлісіп, солай признание алып жүрген кезім ғой
Ішімде тәкаппарлығым оянды, мен оны байқамадым. Сол кезде жігітімді 1 жыл жүріп жүрген менсінбей кеткенмін ғой.
Ол жоғарғы оқу орнын бітірмеген деп.

Қазір ойласам қатты ұяламын сол ойыма. Оған қоса “Оқып алса болады ғой, жүре бермей. Қазір білім керек заман” деп осуждать ететінім бар ғой. Енді өзімнің ойымша өзім күшті болып жүрмін ғой

Содан бір күні сабақтан сұранып үйге қайтқанмын, қайтуға 2 күн қалғанда универден “отчислениеге кетіп жатсың” деген хабарлама келеді..

Енді қайттым? 1 ғана жыл қалды ғой, ұят ай шығып кеткен, сондағысы мен жаман оқымаймын, сабақтан көп сұранғам ғой

Сол кезде мені не істеді деп ойлайсың?