Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ_140 ²⁰²²

Telegram арнасының логотипі zhan_officiall_men — ҰБТ_140 ²⁰²² Ұ
Telegram арнасының логотипі zhan_officiall_men — ҰБТ_140 ²⁰²²
Арна мекенжайы: @zhan_officiall_men
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.98K
Арнадан сипаттама

Реклама және ұсыныс жайлы⬇️
@Haliadilet
Канал сілтемесі⬇️⬇️⬇️

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 82

2021-08-07 19:30:35 Қазақстан тарихы
2021ж ҰБТ бекітілген 89 датадан жасалған куизиз тест

https://quizizz.com/join/quiz/609d5ccbaef3a3001bcec862/start?studentShare=true
183 viewszhan_officiall, 16:30
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 15:33:24 ҰБТ_140 ²⁰²¹-²⁰²² pinned «Студентке қажет сайттар Универде әр пәннен кітап берілмейді. Жалпы бір семестрге әр пәннен силлабус беріліп, ондағы тақырыптарды өздеріңіз кітапханадан, ғаламтор желісінен іздеп оқып дайындаласыздар. Әдетте силлабус соңында ондағы тақырыптарды қай кітаптан…»
12:33
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 15:33:20 Студентке қажет сайттар

Универде әр пәннен кітап берілмейді. Жалпы бір семестрге әр пәннен силлабус беріліп, ондағы тақырыптарды өздеріңіз кітапханадан, ғаламтор желісінен іздеп оқып дайындаласыздар. Әдетте силлабус соңында ондағы тақырыптарды қай кітаптан қарап оқуға болатынын көрсететін әдебиеттер ұсынылады.

Бірақ кейде ол кітап кітапханада 1-2 дана болуы мүмкін. Ал студент саны 30. Бұндай жағдайда амал жоқ интернеттен дайындаламыз. Пандемия кезінде интернеттегі қазақша ресурстар саны көбейіп, мыңдаған кітаптың электронды нұсқасы шығып, онлайн кітапханалар ашылды.

Сол сайттарды, жалпы студентке қажет ресурстарды ұсынбақшымыз.

1. stud.kz
Түрлі баяндама, реферат, СӨЖ, курстық жұмыс, тіпті дипломдық жұмыстарға дейін бар. Жоқ болса, өзіңіз арзан бағада тапсырыс бере аласыз.

2. bilim-all.kz
Тек студенттер емес, оқытушыларға да пайдалы сайт. Мектеп бағдарламасы мен университет бағдарламасындағы тақырыптар, рефераттар, жоспарлар бар.

3. kitap.kz
Әдеби кітаптар табуға болатын сайт. Филологияда оқитын болсаңыз, өте көп әдеби кітаптар бар. Тез арада оқып бітіру керек болып, бірақ уақытыңыз болмаса, аудиокітаптар да жетерлік.

4. elibrary.kaznu.kz
Пандемия кезінде көп кітапхана өз кітаптарын оқырмандарын электронды кітаптармен қуантқан болатын. Соның бірі Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кітапханасы. Өте көп және әртүрлі бағыттағы кітаптардың электронды нұсқасын табуға болады.

Егер пост пайдалы болса, достарыңмен бөлісуді ұмытпа
156 viewsErZhan, 12:33
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 07:25:56ВАКЦИНА АЛҒАН СТУДЕНТТЕР МЕН ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҚТАРЫН АЛЫП ЖАТЫР

Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары түрлі ынталандыру сыйлықтарын ала бастады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша университеттер білім алушылар мен қызметкерлер арасында вакцинацияны қолдауды ынталандыру шараларын әзірлеген болатын.

Енді олар берілген мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары арасында Ыстықкөлге жолдама ойнатылды. Нәтижесінде 40 студент пен оқытушы жаңа оқу жылы қарсаңында демалысқа жолдама алды. Акция алдағы уақытта да жалғасатын болады. ҚазҰУ вакцинацияланған білім алушыларға студенттер үйінде тұруға жеңілдіктер, тегін тамақтану талондары, жол ақшасының қосымша төлемдері, тіл оқыту курстарына сертификаттар және т.б. сыйлықтар беріледі.

«Мен өзімнің құрдастарымның арасында алғашқылардың бірі болып вакцина алдым. Өйткені барлық студент коронавирусқа қарсы вакцина алуы керек деп санаймын. Ең алдымен, өз денсаулығын және жақындарының денсаулығын қорғау керек. Дегенмен, университеттегі осындай акциялар вакцина алуды ынталандырды. Біз саналы азаматтар ретінде барлық сақтық шараларын сақтадық және оқу жылы басталар алдында демалыста болдық. Вакцинациядан кейін біз дәстүрлі оқыту форматына және бұрынғы студенттік өмірге ораламыз деп сенемін», — дейді ҚазҰУ студенті Ақнұр Шайдуалина.

Жоғары оқу орындарының оқытушылары да өз әріптестерін вакцинациялауға шақырады.

«Вакцинациялау бойынша акция шеңберінде біз студенттер мен оқытушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Корпус аумағында вакцинациялау пункті жұмыс істейді. Ол жерде барлық қажетті жағдай жасалған. Менің ойымша, барлығына вакцина алу қажет. Бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастырады. Вакцинацияланған студенттер мен оқытушылар үшін университет басшылығы барлық ынталандыру шараларын қарастырғаны қуантады. Бұл қазіргі кезде өзекті», — деп атап өтті ҚазҰУ оқытушысы Ақылбай Арыстанбек.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылар құрамының жартысы және 18 жастан асқан 4 мыңнан астам студент пен қызметкерлер егілді.

Акция басқа отандық жоғары оқу орындарының студенттері арасында да өткізілді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сovid-19 індетіне қарсы вакцина алған студенттеріне жылдық оқу ақысына жеңілдіктер, Қапшағайға жолдамалар, ақшалай сыйақылар, ағылшын тілін оқыту курстарына және дүкеннен кітап сатып алуға сертификаттар берілді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Вакцина ал да, жүлде иегері бол!» атты акция ұйымдастырды. Жоғары оқу орнының вакцинацияланған қызметкерлері мен студенттері Нұр-Сұлтан қаласына және жазғы лагерьлерге жолдамалар, фитнес-зал мен бассейнге тегін абонементтер, сондай-ақ университет жатақханасында тұруға жеңілдіктер алды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде қызметкерлердің 90 пайызға жуығы және білім алушылардың жартысынан көбі коронавирусқа қарсы вакцина алған.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде вакцинацияланған студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылып, жоо-ның 50 білім алушысы 15 мың теңге ақшалай сыйлық ұтып алды.

Акциялар алдағы уақытта да еліміздің басқа жоғары оқу орындарында жүзеге асырылатын болады.

@bilim_jane_gylym
196 viewsErZhan, 04:25
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 15:03:20 @zhan_officiall көмектесемін дитін болсаңыздар осында жазыңыздар
134 viewsErZhan, 12:03
Ашу / Түсініктеме