Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ_140 ²⁰²²

Telegram арнасының логотипі zhan_officiall_men — ҰБТ_140 ²⁰²² Ұ
Telegram арнасының логотипі zhan_officiall_men — ҰБТ_140 ²⁰²²
Арна мекенжайы: @zhan_officiall_men
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.98K
Арнадан сипаттама

Реклама және ұсыныс жайлы⬇️
@Haliadilet
Канал сілтемесі⬇️⬇️⬇️

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 78

2021-08-31 06:54:59 ЖАС ТҮЛЕК, назар аударыңыз

Биыл барлық пәннен, 10-11 сыныптың базасы ауысады!

Сіздерге кеңесіміз
~ жаттайтын пәндерді әзірге тек 9 сыныпқа дейін қайталаңыздар.Себебі: қазіргі 10/11сынып тақырыптарымен дайындалғандарыңызбен,база ауысады.Яғни алтын уақыттарыңызды кетіріп аласыздар
~ ал есеп шығаратын пән болса барлық сыныптың тақырыбына дайындала берсеңіз болады

Жаңа база қаңтар айынан бастап беріледі
117 viewsДия Баймуратова , edited  03:54
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 18:03:09
Дүниежүзі тарихы 6/7/8/9 сыныптар
231 viewsДия Баймуратова , 15:03
Ашу / Түсініктеме
2021-08-29 17:21:43 Cтуденттер үшін оқу жылының басталуы оқу курсына қарай өзгеруі мүмкін. Мәселен, 3-4 курс білім алушылары үшін 1 қыркүйектен басталса, ал 1-2 курс және магистранттар үшін оқу университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес қыркүйек айының соңына дейін бастала алады.

"Алдағы оқу жылында еліміздің жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер дәстүрлі форматта оқуды бастайды. Айта кеткен жөн, жоғары оқу орындарының шешімі бойынша оқуды аралас форматта да өткізуге болады. Яғни, дәрістер онлайн, ал семинарлық, зертханалық және тәжірибелік сабақтар офлайн режимде ұйымдастырылады. Ал қашықтан оқыту форматы ерекше білім беру қажеттіліктері бар және тәуекел топтағы студенттерге қатысты қолданылуы мүмкін", – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

"Жоғары оқу орнының аумағы, оқу корпустары, кітапхана мен жатақханаларда міндетті түрде Ashyq қосымшасы қолданылуы керек. Оқу ғимараттарына "жасыл" немесе "көк" мәртебесі бар білім алушылар кіре алады. Оқу ғимараты не жатақханаға кірген кезде термометрмен тексеріп, антисептик қолдану міндетті болады. Маска режимі де қамтамасыз етіледі. Студенттерден ПТР-тестілеудің нәтижесін талап етуге болмайтынын ерекше атап өткім келеді", – деді Ерғалиев.

Дереккөз: ҰБТ2022
215 viewsДия Баймуратова , 14:21
Ашу / Түсініктеме
2021-08-28 17:49:54
Қазақстан тарихы
Бекіністер
335 viewsErZhan, 14:49
Ашу / Түсініктеме
2021-08-27 18:01:39
МОТИВАЦИЯ

Ертеңгі күнің өз қолыңда екенін ұмытпа!
Осы оқып-білгенің сен үшін үлкен жеміс болатынына сенеміз!Басқалар сияқты оқуға, басқалар сияқты грантқа түсуге, ата-анаңның мақтанышы болатыныңа күмәніміз жоқ!Аздаған уақыт қалса да сен үшін оқып-білуге кеш емес екеніне сенемін!Өзіңе сен!Ақылыңа жүгін!Біліміңді шыңда!Тек өзіңнің болашағыңа, көздеген мақсатыңа талпын!Үйрен!Біл!
16 viewsДия Баймуратова , 15:01
Ашу / Түсініктеме
2021-08-27 17:52:25 Айтып өткенімдей,жоспарлаудың негізгі 5 ережесі:

1. Жоспарда міндетті түрде оқу мен спорт болуы керек. Күніне ең болмағанда 10 минут физикалық жаттығуларға және 30 минут кітап оқуға арнаңыз

2. Жоспарға жаңа істер енгізгенде өзіңізге бір сұрақ қойыңыз: бұл маған шынымен ұнай ма? Басқалардың ойын емес, өз ойыңызды таңдай біліңіз.

3. Өзіңізге тым көп жауапкершілік жүктемеңіз. Демалысқа уақыт қалдырып, үзілістерді есепке алыңыз. Сізді шаршатпайтын жоспар құраңыз.

4. Ұйқы графигінің маңызды екені бәрімізге анық. Ұйқының денсаулыққа біршама әсері бар, бірақ одан бөлек, ұйқы қанбаса жасалған жұмыс та сапасыз болады.

5. Жоспарды жүзеге асырғанда еріншектікке салынып, оңайынан бастамаңыз. Керісінше, қиынынан бастасаңыз, уақыт өте жұмысыңыз жеңілдей беретін болады.

Жоспарлаудың басты мақсаты — өміріңді өз қолыңа алу
31 viewsДия Баймуратова , 14:52
Ашу / Түсініктеме
2021-08-27 15:44:06 жылы сұранысқа ие болатын қандай мамандықты таңдауға болады? Сіздердің назарларыңызға болашақтың бірнеше танымал және сұранысқа ие болатын кәсіп түрлерін ұсынамыз.

1. IT
Жақын арадағы жарты ғасырда IT-технологиялар саласының мамандары сұранысқа ие болады. Бұл жоғары төленетін мамандықтар қазір танымал толқында. Онлайн жүйе білім беруден бастап саудаға дейін жетеді. Әзірлеушілер (разработчики) ағылшын тілін және бірнеше бағдарламалау тілдерін жетік білуі керек. Веб-дизайнерлер де сұраныста болады. Сайттар мен әлеуметтік желілермен айналысатын мамандар, компьютерлік және интернет процестеріне қатысы бар барлық адамдарды осы топқа жатқызуға болады.

2. Энергетика
Әзірге осы саланың мамандарына деген сұраныс бүкіл әлемде үлкен емес, ал Қазақстанда тек бірнеше компания "жасыл" электр қуатын алу үшін жабдық орнатып жатыр, бірақ жүзжылдықтың ортасына қарай баламалы энергия өндіру мүмкіндігі қажеттілік болуы мүмкін.

3. Өндіріс
Импортты алмастыруға және өз өндірісін дамытуға ұмтылу қазірдің өзінде инженерлер мен технологтарға сұраныс тудырады. 

4. Медицина
Технологиялардың арқасында дененің қартаюының табиғи процесі маманның тұрақты бақылауында болады. Қазақстанда дәрігерлер әрдайым сұранысқа ие, әсіресе жеке клиникаларда. Бүгінде ең жоғары төленетін мамандардың арасында-стоматологтар, гинекологтар, дерматологтар бар.

5. Білім
30 жылдан кейін де – білім мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімінен бастап барлық педагогтар жоғары технологиялармен бір қатарда, яғни әрдайым сұранысқа ие. Жүйе жаңарып, жаңа құралдар енуі мүмкін.

6. Сауда
Бұл сала алдағы 20-30 жылда өзінің танымалдылығын жоғалтпайды. Сату жөніндегі мамандар әлі де IT-инженерлердің жетекші позицияларынан кем түссе де, көшбасшылар үштігінде болады. Сатушылар да, қоймашылар да, маркетологтар да сұранысқа ие болады. Бұл мамандықтарға тауар ағындарын басқаратын және оның қозғалысын оңтайландыратын логистер қосылады. Егер сізге бұл мамандық қызықты болса, логист кім және қалай болуға болатынын білуді ұсынамыз.

7. Персоналмен жұмыс жөніндегі мамандар
Жоғарыда аталған барлық мамандарды жұмысқа қабылдау керек. Болашақта жоғары бәсекелестік жағдайында персоналды іріктеу процесіне жедел және жауапкершілікпен қарау қажет. Сонымен қатар, компания имиджіне оның корпоративтік мәдениеті күшті әсер етеді. Ал оны әзірлеу және енгізу – қызметкерлермен жұмыс жөніндегі мамандардың міндеті.

НЕО-кәсіп
Және, ақырында, бүкіл әлемде табыс болжайтын болашақтың ерекше мамандықтары:
Кейбір зерттеушілер біраз уақыттан кейін энергиямен проблемалар аз болады деп санайды, бірақ тамақ өнімдері бәріне жетпеуі мүмкін. Осыған байланысты "селекционерлердің" көптеген жұмыстары болады: олар аз уақыт ішінде өнімнің үлкен көлемін қалай өсіруге болатынын зерттеп отырады. Олар жаңа сорттар мен тұқымдарды ойлап тауып, ауыл шаруашылығына инновациялар енгізетін болады.

Мамандық таңдағанда барлық факторларды ескере отырып таңдаған жөн. Қай мамандық иесі болсаңыз да кәсіби маман ретінде өсіп, дамыңыз, болашақта өздігінен білім алу қабілеті ерекше бағаланатын болады.

Пост сіздерге мамандық таңдауға көмектесетініне сенімдіміз
134 viewsДия Баймуратова , edited  12:44
Ашу / Түсініктеме
2021-08-27 11:14:11
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

сұрақтар + жауабымен
204 viewsДия Баймуратова , 08:14
Ашу / Түсініктеме