Get Mystery Box with random crypto!

61. 1937 ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы. 62. 1939 | ҰБТ_140 ²⁰²²

61. 1937 ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
62. 1939 ж. – Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған жылы.
63. 1941 ж. – Ұлы Отан соғысының басталған жылы.
64. 1946 ж. – Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.
65. 1949 ж. – Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс.
66. 1949 ж. – М.Әуезовке «Абай» романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының берілуі.
67. 1954 ж. – Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы.
68. 1957 ж. – Экономикалық аумақтық ұстаным бойынша басқаруды қайта құру.
69. 1959 ж. – Теміртаудағы жұмысшылар толқуы.
70. 1961 ж. – «Байқоңыр» космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы.
71. 1960-1962, 1964-1986 жж. – Д. А. Қонаевтың Қазақ КСР Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы қызметін атқарған жылдары.
72. 1963 ж. – Ядролық қаруларды атмосферада, ғарышта және су астында сынауға тыйым салу туралы келісімшарт.
73. 1969 ж. – Есік қорғанынан «Алтын адам» табылуы.
74. 1978 ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
75. 1979 ж. – Целиноград қаласындағы Қазақстанда немiс автономиясын құруға қарсы наразылық шерулері.
76. 1986 ж. ‒ Желтоқсан оқиғасы.
77. 1988 ж. – Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы.
78. 1989 ж. – Қарағанды шахтерлерiнiң ереуiлi.
79. 1989 ж. ‒ О. Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы.
80. 1989 ж. ‒ «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы.
81. 1991 ж. ‒ Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы.
82. 1991 ж., 29 тамыз – Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қоюы.
83. 1991 ж. ‒ Н.Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы.
84. 1991 ж. – Қазақ КСР-iнiң алтын қоры мен алмаз қорының құрылуы.
85. 1991 ж., 16 желтоқсан ‒ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы.
86. 1992 ж. – Қазақтардың дүниежүзiлiк алғашқы құрылтайының өтуi (Алматы қ.).
87. 1992 ж., маусым ‒ Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілуі
88. 1992 ж. ‒ Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы.
89. 1993 ж., қараша ‒ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ‒ теңгенің енгізілуі.
90. 1995 ж. – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.
91. 1995 ж., 30 тамыз ‒ Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылдануы (Конституция күні).
92. 1997 ж. ‒ Жалпыұлттық татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
93. 1997 ж. – Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола (Нұр-Сұлтан) қаласына көшірілуі.
94. 1999 ж. – ЮНЕСКО шешімімен Астана (Нұр-Сұлтан) қаласына «Бейбітшілік қаласы» мәртебесінің берілуі.
95. 2003 ж. ‒ Астанада (Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің I съезі.
96. 2010 ж. ‒ Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі.
97. 2011 ж. ‒ Қазақстанда Азиаданың өткізілуі.
98. 2017 ж. ‒ Қазақстанда дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі.
99. 2019 ж. ‒ Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруі.
100. 2019 ж. – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы.