Get Mystery Box with random crypto!

1. Б.з.б. ІІІ–ІІ мыңжылдықтың аралығы – Энеолит (мыс-тас дәуір | ҰБТ_140 ²⁰²²

1. Б.з.б. ІІІ–ІІ мыңжылдықтың аралығы – Энеолит (мыс-тас дәуірі).
2. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басы – Қола (мыс пен қалайының қосындысы) қорытуды меңгеру.
3. Б.з.б. І мыңжылдықтың басы – Темірді игеру басталды.
4. Б.з.б. I мыңжылдық ‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі. 
5. Б.з.б. І мыңжылдық – Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.
6. Б.з.б. VІІІ ғ. ‒ Қазақстан аумағындағы ең ежелгі сақ қорғандары.
7. Б.з.б. ІІІ ғ. соңы ‒ Көшпелі ғұн (хунну) тайпаларының билігіне Мөденің келуі.
8. Б.з.б. 530 ж. ‒ Сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы.
9. 552–603 жж. ‒ Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі.
10. 603–704 жж. ‒ Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі.
11. 704–756 жж. ‒ Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі.
12. 751 ж. ‒ Атлах (Талас) шайқасы.
13. 756–940 жж. ‒ Қарлұқтар мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
14. 870 ж. – Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірге келген жылы.
15. 942-1212 жж. ‒ Қарахан мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
16. ІX ғ. соңы‒XI ғ. басы (ІX ғ. соңы‒XI ғ. ортасы) ‒ Оғыз мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
17. ХІ ғасыр. – Махмуд Қашғаридің өмір сүрген уақыты.
18. ХІ ғасыр. – Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасының жазылған мерзімі.
19. ХІІ ғасыр. – Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани Хикмет» еңбегінің жазылған мерзімі.
20. 960 ж. ‒ Қарахан мемлекетінде ислам  дінін мемлекеттік дін деп жариялануы.
21. XI ғ. басы‒XIII ғ. басы ‒ Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі.
22. 1236/1237‒1242 жж. ‒ Батудың Руське және Шығыс Еуропаға жорығы.
23. XIV ғ. І жартысы ‒ Өзбек ханның Алтын Ордада билік етуі.
24. 1465 ж. ‒ Қазақ хандығының құрылуы.
25. XVI ғ. басы ‒ Қасым ханның билік еткен уақыты.
26. XVI ғ. басы – «Қасым ханның қасқа жолы» заңдары шықты.
27. 1538‒1580 жж. ‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты.
28. 1582/1583‒1598 жж. ‒ Тәуекел ханның билік еткен уақыты.
29. XVI ғ. соңы–XVIІ ғ. басы – «Есім ханның ескі жолы» заңдары шықты.
30. 1628/1629–1652 жж. – Жәңгір ханның ел билеуі.
31. 1643 ж. ‒ Орбұлақ шайқасы.
32. 1680‒1715/1718 жж. ‒ Тәуке ханның билік еткен уақыты.
33. ХVII ғ. соңы. ‒ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
34. 1723 ж. ‒ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» («Ұлы апат жылдары») басталуы.
35. 1726/1728 ж. ‒ Бұланты шайқасы.
36. 1729/1730 ж. ‒ Аңырақай шайқасы.
37. 1731 ж. – Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуі.
38. 1771‒1781 жж. ‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары.
39. 1783‒1797 жж. ‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
40. 1835–1865 жж. – Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары.
41. 1836‒1838 жж. ‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.
42. 1837‒1847 жж. ‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
43. 1841 ж. ‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлы мектептің ашылуы.
44. 1841–1889 жж. – Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары.
45. 1845–1904 жж. – Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары.
46. 1866–1937 жж. – Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген уақыты.
47. 1893 ж. – В.Томсен ежелгі түркі жазбаларының құпиясын ашты.
48. 1913‒1918 жж. ‒ «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы.
49. 1916 ж. – Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс.
50. 1917 ж., шілде ‒ «Алаш» партиясының құрылуы.
51. 1917 ж., желтоқсан ‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы.
52. 1918–1920 жж. – Қазақстандағы шетел интервенциясы мен Азамат
соғысы.
53. 1920 ж. ‒ Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы.
54. 1925 ж., сәуір ‒ Қазақ Кеңестерінің V съезі өтіп, қазақ халқының тарихи атауы қалпына келтірілді.
55. 1925 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға
көшірілуі.
56. 1928 ж. – Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттiк
педагогикалық институтының ашылуы.
57. 1929 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы қаласына көшірілуі.
58. 1931-1932/1933 жж. ‒ Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық.
59. 1932 ж. ‒ Ашаршылыққа байланысты, апаттың көлемі туралы «Бесеудің хатын» жазған республика қайраткерлері: Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Куанышев.
60. 1936 ж. – Қазақ АКСР-iнің одақтық республика болып қайта құрылуы (ҚазКСР).