Get Mystery Box with random crypto!

Нұр-Сұлтанда көлігінде қару-жарақ пен оқ-дәрі сақтаған ер адам | Zamanayi Qazaqstan

Нұр-Сұлтанда көлігінде қару-жарақ пен оқ-дәрі сақтаған ер адам ұсталды

«Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында Баршын көшесінде алдын ала берілген жедел ақпарат бойынша «TOYOTA» маркалы автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы ер адамды тоқтатты. Ұсталған азаматтың көлікке қатысты құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар ол бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Көлікті тексеру барысында үш ас үй және аңшылық пышақ, 32 мм калибрлі тегіс ұңғылы қару және оның патрондары табылып, тәркіленді», – деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.