Get Mystery Box with random crypto!

Алматы тұрғыны Тоғжан Бегалина өзінің Instagram әлеуметтік жел | Zamanayi Qazaqstan

Алматы тұрғыны Тоғжан Бегалина өзінің Instagram әлеуметтік желісінде оңтүстік астанадағы караоке-клубтардың бірінде жігіт пен бойжеткен тарапынан соққыға ұшырағанын мәлімдеп, жазба жариялады

Оны қаладағы караоке-клубтардың бірінде ұрып-соғып, тұншықтырған.
Алматы тұрғыны Тоғжан Бегалина оқиға 11-12 қыркүйекке қараған түні қаладағы караоке-клубтардың бірінде болғанын айтады. Сол түні ол достарымен бірге өзінің туған күнін тойлаған. Тоғжанның құрбысы би алаңында клубқа келушілердің бірімен қақтығысып қалады.
"Бір қыз менің құрбымның мұрнынан ұрды. Мен одан неге ұрғанын сұрау үшін қасына жақындадым. Ол мені би алаңына отырғызып ұра бастады. Бізді оның жігіті ажыратқан кезде, ол оны тыныштандырып, мені одан құтқарғысы келген шығар деп ойладым. Бірақ ол мені қызымен бірге ұрып-соғып, тұншықтырды. Бұл уақытта қызметкерлердің ешқайсысы ажыратуға келмеді. Мен сол жерде өліп қала жаздадым. Олардың менің неліктен өлтіргісі келгенін білмеймін", - деді қыз Instagram-дағы видеода.