Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда әйелдер жүкті не босанғаннан кейін табыссыз қалса, | Zamanayi Qazaqstan

Қазақстанда әйелдер жүкті не босанғаннан кейін табыссыз қалса, мемлекеттен жылына 2 миллион 500 мың теңге көлемінде жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар.

Елімізде жүкті, босанған немесе жаңа туған нәрестені асырап алған әйелдерге берілетін әлеуметтік төлемдердің бірнеше түрі бар. Бірақ бұл бір реттік жәрдемақы тек жұмыс істейтін келіншектерге табысынан айырылған жағдайда ғана төленеді.
Табысынан айырылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлем
Қазір Қазақстандағы біржолғы әлеуметтік төлемнің шекті мөлшері жеті еселенген төменгі айлық жалақыға тең. Яғни, ең төменгі айлық - 42 500 болса, шекті сома - 297 500 теңгені құрайды. Егер жүкті не босанған әйел табыссыз қалса, 1 124 550 теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы ала алады. Бір ескеретіні, жалақысы шекті сомадан асатын азаматшаға да осы тәртіппен беріледі. Себебі заңға сәйкес табысы бекітілген мөлшерден асса, әлеуметтік есептеулер жүргізілмейді.