Get Mystery Box with random crypto!

Желіге Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Сарыкемер аулында мейр | Zamanayi Qazaqstan

Желіге Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Сарыкемер аулында мейрамханалардың бірінің ауласында снарядтар шашылып жатқан видео тарады.

Aibat жаңалықтар қызметінің Instagram парақшасындағы видеодан снарядқа ұқсас заттардың тау болып үйіліп жатқанын көруге болады.
Тілшінің айтуынша, Байзақ ауданы тұрғындары Арыста жарылыс болған қоймадан жеткізілген снарядтарды бөлшектеп, ішінен қорғасынын алып, өткізетінін айтқан. Сөйтіп, ауылдағы екі қолға бір күрек таппай жүрген ағайынға жұмыс табылған.
Видеодан Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы аулалардың бірінде тау болып үйіліп жатқан снарядтарды көруге болады. Жазба авторы снарядтардың іші босатылған, тек сыртындағы темірі қалғанын айтады.