Get Mystery Box with random crypto!

'Құр майға макарон пісіріп жейміз': Картоп пен сәбіздің қымбат | Zamanayi Qazaqstan

"Құр майға макарон пісіріп жейміз": Картоп пен сәбіздің қымбаттағаны қазақстандықтарға қалай әсер етті?

Картоптың келісі 500-ден асып, сәбіз 700, сұйық май мың теңгеге жеткенде жалғыз жәрдемақымен күн көріп отырған азаматтар қалай өмір сүріп жатыр? Жалғызбасты, көпбалалы ана Лаура Нұртазинова қаражаты жетіспеген соң, қарызға белшеден батқанын айтады.

Қымбатшылықтың салдарынан астаналық Лаура Нұртазинова қазір саудагерлерден тұрып қалған көкөністі сұрап алып, жан бағуда. Еден жуып, 32 мың теңге айлық алатын жалғызбасты ана жәрдемақының арқасында ғана пәтер жалдап отыр. Қазір оған ауладағы ешбір дүкен қарызға азық-түлік бермейді екен. Өйткені алғанын қайтара алмай, белшеден берешек болып қалған. Егер тамақ тағы қымбаттайтын болса, қалай жан бағатынымызды білмеймін деген келіншек еріксіз жылайды.

Zamanayi Qazaqstan