Get Mystery Box with random crypto!

Алматылық қоғам белсенділері самокат мінгендерге айыппұл салуғ | Zamanayi Qazaqstan

Алматылық қоғам белсенділері самокат мінгендерге айыппұл салуға шақырады. Олар өздеріне және басқаларға үлкен қауіп төндіреді дейді. Басты мәселе - бұл екі доңғалақты көлік қазір бақыланып жатқан жоқ

Жақында ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев самокаттар көлік жүретін жерге шығуға болмайтынын айтты. Сондай-ақ, құрылғылар қауіпсіздік құралдарымен жабдықталуы керек. Алайда қазір олардың иелері мен скутер жалдайтын компанияларды ешкім жазалап жатқан жоқ.

Тротуарларда самокат мінгендерден жаяу жүргіншілер, жолда жүргізушілер қорқады. Жыл басынан бері 14 жол апаты орын алды. Осылайша полиция ақыры шара қолдану керек екенін түсінді. 2019 жылы самокаттар скутермен теңестіріліп, оларға велосипед жолдарымен жүруге рұқсат етілді, ал олар болмаған кезде жолдың оң жағында. Бірақ бір апта бұрын ішкі істер министрі самокаттарға жолда орын жоқ деп мәлімдеді.