Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінд | Zamanayi Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөніндегі кеңесте ішкі газ нарығындағы баға белгілеу ісін жетілдіруді тапсырды

Оның айтуынша, өңірлерді жаппай газбен қамтамасыз ету - газ тұтыну көлемінің артуына әкеп соғады.

Соңғы бес жылда ішкі нарықтағы газ 40 пайызға, яғни 12 ден 17 миллиард текше метрге дейін артты. Осы ретте Қазақстандағы газдың бағасы ТМД елдерінің ішінде ең төменгі деңгейде болып отыр. 
“Бұған дейін өңірлер бойынша газ тарифын реттеу және халықты қолжетімді газбен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек. Бір сөзбен айтқанда, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын, сондай-ақ, жұмысы газ бағасына тікелей байланысты экономика салаларын жүйелі түрде қорғау мақсатымен баға белгілеудің түсінікті әрі жаңа ашық моделі қажет. Үкіметке 1 қыркүйекке дейін аталған мәселенің әдіс-тәсілдерін әзірлеуді тапсырамын”, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.