Get Mystery Box with random crypto!

Баянауылдағы қола дәуіріне жататын ежелгі археологиялық орынны | Zamanayi Qazaqstan

Баянауылдағы қола дәуіріне жататын ежелгі археологиялық орынның тас-талқаны шықты

Археолог Елена Тушева бастаған ғылыми топ бұл аумақта соңғы 3 жыл бойы қазба жұмыстарын жүргізіп, мұнда б.з.д. ІІ мыңжылдықта қорым болғанын анықтады.

«Мұндай жағдайлар қайталанбас үшін жергілікті әкімдік тарихи орынды қоршап, байқау алаңдарын ұйымдастырып, тиісті ақпараттық белгілер орнатуы тиіс. Біз бұған дейін осындай өтінішімізді бірнеше рет айтқанмен, олардың тарапынан ешқандай жауап болған жоқ», - дейді Елена Тушева.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ескерткіштерге зиян келтіргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы және 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.