Get Mystery Box with random crypto!

ымырт

Telegram арнасының логотипі ymyrtta — ымырт Ы
Telegram арнасының логотипі ymyrtta — ымырт
Арна мекенжайы: @ymyrtta
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 374

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар

2023-06-12 08:48:34
Экология министрі Сүлейменова не дегенмен қыз баласы ғой, көңілі босап қалды. Әрі Жапонияда білім алғаны бар. Бұлай шын өкінген, шын ұялған министрді алғаш көруім. Өз басым бұл кісіге сенемін.
4 viewsmukhtar, 05:48
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 08:12:32
Басқа елдерді жарылқап болсақ, өзімізге де қолдан келгенше жанашырлық танытайық. Бөлісейік!
15 viewsmukhtar, 05:12
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 08:08:02 Бүгін ұлттық аза тұту күні боп жарияланды.

Семейдегі тілсіз жау қабырға қайыстырды. Не деген бейшара мемлекет едік. Өрттен 14 орман шаруашылығы қызметкері қайтыс болған. Мәселе өрттің болуында емес оның шығуын болжап болмайсың, тілсіз жау деп қазақ бекер айтпаған. Бұндағы мәселе соған еш дайын болмауда, Кадрлардың сауатсыздығында, техниканың жетіспеушілігінде, сол саладағы шенуніктердің ашкөздігінде. Кей қызметкер жеке өзінің көлігімен барып оттың арасында қаза тапқан… Тоқаев Абай облысының әкіміне қатаң ескерту жасап, мұндай жағдайда негізі қызметтен босататынын айтты. Оны босатқаннан ештеңе өзгермейтіні анық қой.
16 viewsmukhtar, 05:08
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 21:32:30 Сүйікті кітабын бойтұмарындай көріп, өзімен бірге алып жүретін адамдарға қызығада, қызғана қараймын. Иә, ондай жандар бар екен. Жабыққанда бір ақтарып көңілге медет табады. Мен алып жүрер болсам “Норвег орманы” мен “Жүз жылдық жалғыздық” болар еді. Бұл кітаптарды қайта оқып көңілімді жұбатпасым анық. Керісінше қайғыма қайғы жамайды. Сонда да жаныма тым жақын, тым қымбат.
30 viewsmukhtar, edited  18:32
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 13:34:09 Мұқағалисыз өмір сүріп-ақ жүрміз ғой. Ал оның өлеңдерінсіз мына өмір сұрқай тартатындай
52 viewsmukhtar, 10:34
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 13:32:30 Сен қайтесің жаныңды мұң басқанда?
Өз-өзіңмен оңаша сырласқанда?
Ақтарылғым келеді барып менің,
Өгейсіген өзімдей мұңдастарға.

Сен нетесің сондай бір сәттеріңде?
Мұңның шаңы іліксе пәк көңілге?
Қараймын да отырам ондайда мен,
Қалам ізі түспеген дәптеріме.

Жалғаның да қалады,
арманым да,
Не боп жатыр білмеймін жан-жағымда.
Басқа жүрек соға ма, түсінбеймін,
Бар жүректің мендегі ар жағында.

Мұңайғым да келмейді, қуанғым да,
Тасыдым ба, білмеймін суалдым ба?!
Көктедім бе, білмеймін қуардым ба?!
Сұрақ белгі әйтеуір тұр алдымда.

Мұң да қалып жайына, жыр да қалып,
Отырамын қаламды қынға малып.
...Кезіп кеткім келеді кең өлкені,
Кер бестісін біреудің ұрлап алып.

М.Мақатаев
55 viewsmukhtar, edited  10:32
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 00:00:15 intelligent + genius + legend = pep guardiola
75 viewsmukhtar, 21:00
Ашу / Түсініктеме
2023-06-10 20:07:15 Бүгін Сити тарихында тұңғыш рет чемпиондар лигасының жеңімпазы атанады. Бұл бұлжымас аксиома.
83 viewsmukhtar, 17:07
Ашу / Түсініктеме
2023-06-10 09:52:14 “Мен сені жақсы көремін демедім бе? Шынымен жақсы көрем. Ал шын жақсы көрген адамда айну деген болмайды”.
- Мидори

Иә, шын жақсы көрген адамда айну деген болушы ма еді?!
108 viewsmukhtar, 06:52
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 23:03:15 Жаныңа жақын жандарды жиі құшақтаңдаршы
124 viewsmukhtar, 20:03
Ашу / Түсініктеме