Get Mystery Box with random crypto!

ұстаз Ерсін Әміре

Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре Ұ
Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре
Арна мекенжайы: @yersin_amire
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 10.79K
Арнадан сипаттама

✅ Барлық сұрақтар бойынша @yersinbot

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 18

2021-09-08 09:31:59 АЛЛА МЕНІ СҮЙЕДІ МЕ?

Бір күні осы сұрақ ойыма келді.

Алла тағаланың пенделеріне махаббаты пенделердің бойында Құранда айтылған сипаттардың, қасиеттердің табылуымен болатындығы есіме түсті. Өзімді салыстыру мақсатымен Құранда айтылған сипаттарды ой елегінен өткізе бастадым.

Қарасам Алла тақуа құлдарын сүйеді екен. Өзімді тақуаларға жатқыза алмаймын.

Қайта ойландым. Алла тағала ихсан деңгейіне жеткен (мухсин) құлдарын сүйеді екен. Ихсан қайда мен қайда?!

Қайта ойландым. Алла тағала тағы сабырлы құлдарын сүйеді екен.
Менде сабырлылық бар ма? Мендей сабырсыз адамдар аз болар!

Қайта ойландым. Қарасам Алла өз жолында күресушілерді сүйеді екен. Түннің үшінші бөлігінде үстімнен көрпені алып тастауда шайтаннан жеңіліп жатқанда қайдағы күрес!

Əрі қарай іздесем бойымнан Алланың махаббатына лайық ететін бірде бір сипат табылмай қала ма деп қорқып, тұла бойымды үрей биледі. Іздеуді шарт та тоқтаттым.

Амалдарымды пікірледім. Жалқаулық, немқұрайлық аралас екен.
Сол кезде ойыма "Алла тəубе етушілерді сүйеді" деген Жаратушымның сөзі келді.

Бұл аяттың мен жəне маған ұқсағандарға арналған екендігін жаңа ғана ұққандай болдым.

Еріксіз:
"Аллахым өзіңе тəубе еттім, күнəларымды кеш.
Аллахым өзіңе тəубе еттім, күнəларымды кеш.
Аллахым өзіңе тəубе еттім, күнəларымды кеш" деген сөзді бəсең дауыспен қайталай бастадым.

Осымен Алла тағаламның сүйікті құлдарының қатарына кіріп қалармын...

أستغفر الله العظيم وأتوب إليه. أستغفر الله العظيم وأتوب إليه.
أستغفر الله العظيم وأتوب إليه.

Шейх Али Тантауи.

Ерсін Әміре ұстаздың Facebook парақшасынан
1.4K views06:31
Ашу / Түсініктеме
2021-09-04 19:32:16
1.1K views16:32
Ашу / Түсініктеме
2021-09-03 14:59:13
412 views11:59
Ашу / Түсініктеме
2021-09-02 23:14:33
154 views20:14
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 10:13:27
742 views07:13
Ашу / Түсініктеме
2021-08-31 09:02:43
471 views06:02
Ашу / Түсініктеме
2021-08-22 10:20:28
725 views07:20
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 08:13:33
540 views05:13
Ашу / Түсініктеме
2021-08-16 19:21:03 ​​ АШУРА ОРАЗАСЫН НЕШЕ КҮН ҰСТАУ КЕРЕК?

Биылғы Ашура күні мүфтият бекіткен күнтізбеге сәйкес 19 тамызға сәйкес келеді. Осы орайда, мұсылмандар арасында “Ашура оразасын неше күн тұту керек?” деген сұрақ туындайтыны рас. Бүгінгі шағын жазбабымызда осы тақырыпқа қатысты шариғи дәйектемелерді талқылайтын боламыз.

Ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша, Ашура күні ауыз бекіту – мустахаб. (Бәдә'ис-сана', 2/79)

Оған дәлел ретінде, әбу Қатада (рахимахулла) жеткізген танымал хадисте Алла Елшісі ﷺ айтады:

وصيام يوم عاشوراء أحتسب على الله أن يكفر السنة التي قبله

"Ашура күнгі ораза өткен жылғы күнәлардың кешірімі болады деп Алладан үміт етемін."

Абдулла ибн Омар (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте Алла Елшісі ﷺ былай деген:

" إِنَّ عَاشُورَاءَ يَوْمٌ مِنْ أَيَّامِ اللَّهِ فَمَنْ شَاءَ صَامَهُ وَمَنْ شَاءَ تَرَكَهُ "

"Расында, Ашура Алланың күндерінен болған күндердің бірі. Кім қаласа ораза ұстасын, ал қаламаса, ұстамасын." (Мүслим, 1126)

Жалпы бұл күні ораза тұтуға қатысты үш түрлі көзқарас бар (Фатхул-Бари, 4/246):

1) Тек қана Ашура күні ораза тұту. Ханафи мәзхабы ғалымдарының бір тобының көзқарасы бойынша тек қана Ашура күні ауыз бекіту - мәкруһ (тәнзиһән). (Дуррул-Мұхтар, 2/91).

Бұл пікірді имам Шурунбулали, Бадруддин әл-Әйни, ибн Әбидин, ибн әл-Хумам, имам Хаскафи (рахимахумуллаһ) сынды ханафи мәзхабының таңдаулы фақиһтары таңдаған. Сондай-ақ, атақты "Фатауа әл-Һиндия" (1/202) кітабында да осылай жазылған.

Олардың сүйенген дәлелі, Алла Елшісі ﷺ Ашура жайлы хадистерінің бірінде былай деген:

لئن بقيت إلى قابل لأصومن التاسع

"Егер келесі жылы аман болсам, тоғызы күні де ауыз бекітемін." (Муслим, 1134)

صوموا التاسع وخالفوا والعاشر الیھود

"Тоғызы және оны күні де ауыз бекітіп, яхудилерге ұқсамаңдар!" (Мусаннаф Абдурраззақ, 7839; Сунан әл-Кубра, 8404)

Екінші топ ханафи мәзхабы ғалымдарының пікірінше, тек қана Ашура күні ораза тұту мәкруһ емес. Себебі, бұл күні ораза тұтудың үкімі, жоғарыда баяндағанымыздай, мустахаб. Бұл пікірді ұстанғандар қатарына имам Кәсәни, Әнуар Шах Кашмири, Әбу Зафар Усмани, Абдул-Хақ Дәхләуи (рахимахумулла) секілді атақты фақиһтар мен мухаддистер кіреді.

2) Ашураға кейінгі (тоғызы) не алдыңғы (он бірі) бір күнді қосып ұстау.

Бұл көзқарас яхудилерге ұқсамау туралы жоғарыда баяндалған хадиске негізделеді. Сондай-ақ, Алла Елшісіне ﷺ христиандар мен яхудилердің осы күнді құрметтеп, ораза тұтатыны айтылғанда:

فَإِذَا كَانَ الْعَامُ الْمُقْبِلُ - إِنْ شَاءَ اللَّهُ

"Алла қаласа, келесі жылы біз тоғызы күні де ораза тұтамыз" деген. (Муслим, 1134)

Ибн Аббас (радиаллаһу әнһума) Ашураға дейінгі немесе одан кейінгі бір күнді қосып ұстағаны жеткен, әрі сапарда болса да бұл амалын тоқтатпаған. (Табари, Тәхзиб әл-әсәр, 537)

3) Үш күн қатарынан ауыз бекіту. Бұл ибн Хәжәр Әсқалани, ибн Қаюм әл-Джаузия (рахимахумуллаһ) сынды ғалымдардың көзқарасы бойынша, ең дұрыс пікір осы.

Оған себеп, адам Ашура күнін есептеу барысында жаңылып, бұл күннің сауабынан қол үзіп қалуы мүмкін. Ханбали мәзхабының ғұламасы ибн Қудама (рахимахуллаһ) имам Ахмадтың былай дегенін айтады:

"Кімде-кім ораза ұстауды қаласа, тоғызы және оны күні ауыз бекітсін. Ал, кім күн санаудан жаңылысса, үш күн қатарынан ауыз бекітсін" (әл-Муғни, 1/441).

Десе де, кейбір фақиһтар оны және он бірі күні ауыз бекіту бұдан абзал деп санаған. (Мирқат әл-Мәфәтиһ, 4/1412; Имдәд әл-Фәтәуә, 2/118)

Қорытындылай келе түйіндер болсақ,

Мүмкіндігінше, бұл күні үш күн қатарынан ауыз бекіткен абзалырақ болады, себебі, бұл ғалымдар таңдаған пікірдің ең дұрысырағы. Оған қоса, үш күн қатарынан ауыз бекіткен адам міндетті түрде Ашурамен кездеседі, әрі бірінші пікірде талқыланған келіспеушілікке ұрынбайды, сондай-ақ, кітап иелерінен өзгешелену туралы айтылған хадиске де амал еткен болып табылады, әрі хадистерде баяндалған сауапқа қауышады.

Алла Тағала тұтқан оразаларыңызды қабыл етсін!

Әзірлеген:
@mihrab_kz

Мақала көшірілу барысында сілтеме берілуі тиіс.
1.2K views16:21
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 19:35:59
3.7K views16:35
Ашу / Түсініктеме