Get Mystery Box with random crypto!

ІІІ-бап. Сабыр ету 2-хадис (жалпы реті 26) وعن أبي سعيد سع | ұстаз Ерсін Әміре

ІІІ-бап. Сабыр ету

2-хадис (жалпы реті 26)


وعن أبي سعيد سعد بن مالك بن سنان الخدري رضي الله عنهما‏:‏ ‏"‏أن ناساً من الأنصار سألوا رسول الله صلى الله عليه وسلم فأعطاهم، ثم سألوه فأعطاهم ، حتى نفد ما عنده، فقال لهم حين أنفق كل شيء بيده ‏:‏ ‏"‏ما يكن عندي من خير فلن أدخره عنكم ، ومن يستعفف يعفه الله، ومن يستغن يغنه الله، ومن يتصبر يصبره الله‏.‏ وما أعطي أحد عطاءً خيراً وأوسع من الصبر‏"‏ ‏(‌‏(‏متفق عليه‏)‌‏)‏ ‏.‏

Абу Саъид Саъд бин Малик бин Синана аль-Худри, ол екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол мына әңгімені айтады: Бірде ансарлардың ішінен адамдар Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір нәрсе сұрады, ол оларға сұрағанын берді, сосын олар тағы да бір нәрсе сұрады, ол оларға сұрағандарын және берді, олар сосын тағы да бір нәрсе сұрады, ол оларға сұрағанын тағы да берді, соңында ол оларға өзінде барының бәрін берді. Сонымен ол өзінде барының бәрін таратып болған соң былай деді: “Маған не берілсе де, мен оны сендерден еш уақытта жасырмаймын. Дегенмен, естеріңде сақтаңдар, кімде-кім ұстамдылыққа тырысса,  Аллаһ оны ұстамдылыққа алып келеді, кімде-кім өз күшімен ғана істеуге тырысса, Аллаһ оны басқа адамдарға жалбарынудан сақтайды, ал кім сабыр сақтаса, Аллаһ оған сабыр береді және ешкім сабырдан артық сый алған емес.

Бухари, Муслим.