Get Mystery Box with random crypto!

Қонақ шақыру және тамақ беру әдебі Бұл дәрісте біреуге ас бе | ұстаз Ерсін Әміре

Қонақ шақыру және тамақ беру әдебі

Бұл дәрісте біреуге ас беру, бауырларын қонаққа шақырудың әдептері туралы айтылады.

• Мұсылманның бауырларын құрметтеп, дастархан жаюы ізгі, сауапты істерден болып табылады.

Қонаққа шақыру, қонақ болу әдептері мынадай

• Біреудің үйінде тамақ піскен уақытын арнайы күтіп тұрып, шақырмаса да кіріп бару әдепсіздік болып табылады.

Ал әдейі ниет етпестен, тамақ уақытына түсіп қалса, әбестігі жоқ.

• Үйге қонақ келгенде адам өзін қинап жоқ нәрсені беруге тырыспау керек. Қонақ келді деп қарызданып, әуреленудің қажеті жоқ. Келген қонақ та қанағат етіп, үй иесін сыйлауы керек.

• Келген адамнан "тамақ жейсің бе?" деп сұрамау. Қонаққа сұрамай ас беру керек. Ол ия, жоқ деп айтуға қысылады. Сол үшін бұлай айтпаған дұрыс.

Басқа әдептер туралы толығырақ дәрістен тыңдаңыз

БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ