Get Mystery Box with random crypto!

Leetcode_KZ деген телеграм арна бар. Сол жерде ресми апталық | Менің ой жазбаларым

Leetcode_KZ деген телеграм арна бар.

Сол жерде ресми апталық контесттерге қатысқан жалпы рейтингте Қазақстан азаматтары жоғарғы жинаған қатысушыларға сыйлық табысталады екен. Әрине ол үшін алдын ала сондай конкурсқа қатысамын деп, тіркелу керек.

Сөйтіп сондай контесттердің бірінде салыстырмалы түрде жоғары жинап, жеңімпаз атандым (мына фотодағыдай сыйлықты ұтып алдым).

Шынымды айтсам бұл менің контесттерге қатысып ұтып алған алғашқы сыйлығым екен. Ол үшін қуаныштымын! Керемет сезім екен!

LeetCode_KZ тобына сәттіліктер!

Ал сіздерге көптеп контесттерге қатысып, жүлдегер болуларыңызға нәсіп етсін!

2023.02.27