Get Mystery Box with random crypto!

​​​​--♡ Алла тағалаға шүкіршілік айтуымызға себеп көп екен. Мы | Қазақша цитата & мотивация 🕊

​​​​--♡ Алла тағалаға шүкіршілік айтуымызға себеп көп екен. Мысалы, бүгінгі таңды алайық:

Таңертең ояндым... Алдымда тағы да ізгі істерді толтырып, жақсылығымды арттыратын немесе өз күнәма кешірім сұрап, тәубе етуім үшін тағы да бір күн бар, тағы бір мүмкіндігім бар, Аллаға шүкір!

Кейбір жан ішуге ауыз су таба алмай отыр. Ал мен салқын сумен жуындым. Аллаға шүкір...

Өмірде қаншама адамның сезім мүшелері жұмыс істемейді, олар жеген тамақтарының дәмін де сезбейді... Ал мен таңғы асымды іштім. Алла Тағала маған барлық дәм сезу қабілеттерін берген екен, жеген әр тағамымның дәмін сезе отырып, рақаттандым, бойыма күш-қуат алдым. Аллаға шүкір!

Алла маған таңның атуы мен күннің батуын, гүлдер әлемін тамашалауға мүмкіндік берді. Осы тамаша сұлулықты көрмей де өмір сүруім мүмкін еді ғой... Аллаға шүкір!


Аллаға шүкір!