Get Mystery Box with random crypto!

Ұстаз тілегі ғылыми-әдістемелік орталығы

Telegram арнасының логотипі ustaztilegi — Ұстаз тілегі ғылыми-әдістемелік орталығы Ұ
Telegram арнасының логотипі ustaztilegi — Ұстаз тілегі ғылыми-әдістемелік орталығы
Арна мекенжайы: @ustaztilegi
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.48K
Арнадан сипаттама

«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік орталығының ресми телеграмм каналы
Барлық сұрақтарды: 7 771-234-55-99 номеріне ватсапта жазуға болады.
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі – жұма,
9:00 – 18:00

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 34

2021-02-15 13:11:00 Құрметті ұстаз ҚМЖ жасау жайында сіз ақпараттың тең жартысымен ғана бөлістік!

Ал,толық ақпараттар мен ҚМЖ-ны -ден бастап үйренуге қалай қарайсыз?

Ендеше : де телеграм каналымызда сідер үшін КЕРЕМЕТ ҰСЫНЫСЫМЫЗ бар
7.8K views10:11
Ашу / Түсініктеме
2021-02-15 12:30:08 ҚМЖ жасауда жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:

-Оқушылар нені білу керек?
-Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?
-Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:

-сабақтың тақырыбын анықтау;
-әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
-оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
-тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;
-төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
-уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
-жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған -сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.

Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз.
7.2K views09:30
Ашу / Түсініктеме
2021-02-15 11:48:58 ҚМЖ ЖАСАУҒА БАРЛЫҚ ПЕДАГОГТАРДЫ ҚАМТУҒА БОЛАДЫ

Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады.

Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады»
7.0K views08:48
Ашу / Түсініктеме
2021-02-15 10:25:48 Қазіргі таңда, мұғалімдер үшін ең маңыздысы болып отырған мәселе – XXI ғасырда нені оқыту керек?

Мұғалімдер оқушыларды қалай дайындайды? Мектепте мұғалім көшбасшылығы Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасында мазмұны осы екі мәселені шешуге бағытталған.

Біз өзімізге «Өзгеріс не үшін қажет?», неліктен?, қалай істейміз?, одан кейін сыныпта не істеуіміз керек? Деген сұрақтарды алға тарта отырып, қарастыратын болсақ онда ең алдымен теориялық білімімізді тереңдетуден, толықтырудан басталады.

Ия, сабақтың өзгеше өтуі, яғни дәстүрлі емес сабақтың өтуі мұғалімнің жоспарды құруынан басталады. Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар. Осы күнге дейінгі біздің жасап келе жатқан «Күнтізбелік — тақырыптық» жоспарымыз – ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды.

Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Яғни, ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады.

Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады.
7.7K viewsedited  07:25
Ашу / Түсініктеме
2021-02-15 09:29:03 Енді, сіздерге ҚМЖ бойынша толық ақпарат берсек деген шешімге келдік!
7.6K views06:29
Ашу / Түсініктеме
2021-02-13 14:57:09 ​​ БАЙҚАУДЫҢ АЯҚТАЛУЫНА 3 КҮН ҚАЛДЫ
Мұқағали Мақатаевтың бір өлеңін оқып, жүлделі сыйлыққа ие болыңыз!
10.0K views11:57
Ашу / Түсініктеме
2021-02-10 14:34:32 ​​Мұқағалидың 1 өлеңін айтып, ноутбук ұтып ал!

«Ұстаз тілегі»
ғылыми-әдістемелік орталығы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында «Сен айт менің ойымды айта алмаған...» атты онлайн байқауы өтетінін хабарлайды

Байқауға: ұстаздар, тәрбиешілер, оқушылар, студенттер қатыса алады

Марапаттар: ІІ кезеңге өткен барлық қатысушылар диплом, сертификаттармен марапатталады

Бас жүлде – ноутбук

І орын -50 000 теңге
ІІ орын – 30 000 теңге
ІІІ орын – 20 000 теңге

Қатысу үшін және толық ақпарат алу үшін біздің инстаграмм парақшаға тіркел: https://www.instagram.com/olimpiada_kz/

Барлық шарттары біздің инстаграмм парақшада жазылған.

Әріптестеріңізге жіберіңіз, мүмкіндіктен құр қалмасын
39.7K views11:34
Ашу / Түсініктеме
2021-02-10 09:37:36
Ал сіз ТЕГІН білімді қайдан алатын едіңіз?
Керемет ұсыныстан құр қалмас үшін, постты соңына дейін оқыңыз.

Бүгінде ақпарат өте көп. Тіпті сол ақпараттарды қабылдап үлгере алмай жатамыз. «USTAZ tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы педагогке қажет білімді жүйелеген түрде ұстаздарға ұсынады. Ақылы емес, ТЕГІН!

Вебинар, конференцияны ТЕГІН қарап, практика жүзінде қолдана аласыз.

Алматы қалалық басқармалармен бірге ұйымдастырылған әртүрлі СЕМИНАРЛАРҒА да тегін қатыса аласыз.

Турнирдегі тесттерді тегін тапсырып, біліктілікті көтеру бойынша дайындық жасай аласыз.

Материалдар бөлімінде 220мыңнан астам материалды ТЕГІН жүктеп н/е өзіңіздің материалыңызды жібергеніңіз үшін де СЕРТИФИКАТТЫ тегін ала аласыз.

Сайтымыз күннен күнге дамып қолдануға ыңғайлана түсуде. Соған байланысты жаңалықтар да көп.

Төмендегі батырманы басып, педагогтің өзіндік білім жетілдіру жоспарын алыңыз.

Және біздегі жаңалықтарды алғашқылардың бірі болып білетін боласыз!
14.8K views06:37
Ашу / Түсініктеме
2021-02-09 09:52:04
Хантəңірдің Мұзбалақ ақыны, сырлы өлеңнің падишасы Мұқағали Мақатаевтың жылдық мерейтойымен "Ұстаз Тілегі" ғылыми әдістемелік орталығы шын жүректен құттықтайды !

Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі.

Боямасыз өмір шындығын өлеңмен өрген нар тұлғамыздың әрбір шығармасын әр шәкіртке жеткізе оқыту әр ҰСТАЗДЫҢ ТІЛЕГІ!

Қазағы бар да, өміршең өлеңін жырлар ұрпағы бар да, ер есімі ел есінде мəңгі сақталады.

Туған күніңізбен, ақиық ақын!

#ustaztilegi #Мұқағали90
11.5K views06:52
Ашу / Түсініктеме