Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. 'Көрінбейсі | #ustazkundeligi

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні.

"Көрінбейсің газет пен журналдардан..."
Деген мен сөз естимін туғандардан.
Жарқындарым!..
Жанымды қайдан білсін,
Жақсы жырдың жолында құрбан болған.

Қайдан білсін, жыр жазу қиындығын,
Соқыр жармақ екенін сыйым бүгін.
Қайдан білсін, келе алмай күйім бүгін,
Сансыратып кеткенін құйын-күнім.

Білсін деп дерт екенін тіл өнері,
Тіл өнері жоғалтып жіберерін!
Түсінсін бе, дым тамбай, көк аспанның,
Құрғақшылық жылдары түнерерін.

Қайдан білсін...
Туыстар қайдан білсін...
Оңай емес орнату ойдан мүсін!
Болдырам деп болмасты қиялыммен,
Қайдан білсін, біткенін қайран күшім.

...Оу, менің ойран-құсым, сайран құсым,
Оңаша өз бағыңда сайрап жүрсің.
Бұл ғалам сенің титтей жүрегіңде,
Не болып жатқандығын қайдан білсін...