Get Mystery Box with random crypto!

Осыдан екі жыл бұрын мойныма үлкен жүкті артып алғанымды түсін | #ustazkundeligi

Осыдан екі жыл бұрын мойныма үлкен жүкті артып алғанымды түсінген жоқпын. Мектепте қырық жыл қызмет еткен атам жайлы әңгімелерді, күйбең тірліктен кеш босап, түннің ортасына дейін көз майын тауысып сабағына дайындалатын анамды, басы қосылса “мектепті” сөз қылатын туыстарымды (әулетімізде 20 шақты мұғалім бар) естіп, көріп өссем де бұл мамандықтың соншалықты соқпағы ауыр да күрделі екенін білмеген екенмін.