Get Mystery Box with random crypto!

АТТЕСТАЦИЯЛАУ МЕН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ Қазіргі таңда қоғамда білім ұйы | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

АТТЕСТАЦИЯЛАУ МЕН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

Қазіргі таңда қоғамда білім ұйымдарының лицензиялануы, аттестация мәселелері қызу талқылануда.

Аттестациялау және лицензиялау бұл өте қажетті, әрі түрлі заң бұзушылықтарын алдын алуға бағытталған құрал.

Білім ұйымдарында бұдан бұрын оншақты жыл қолданылып келген аттестациялау және лицензиялау алынып тасталғаннан кейін, жеке меншік бала-бақшалар мен мектептердің қатары артқаны, сол арқылы орын тапшылығы мәселесі шешілген рас.

Алайда, кейбір қулықтарға барып, бұны тиімді ақша табу жолына (ата-аналар балалары үшін кез-келген ақшаны төлеуге дайын) айналдырған тұлғалардың да аз емес екені анықталды. Санитарлық талаптардың сақталмауы, мұғалімдер мен тәрбиешілердің білімі мен тәжірибесіне қойылатын талаптардың жоқтығының негізгі себебі - аттестациялау мен лицензиялаудың болмауы.

Мысалы, кеше ғана ШҚО-да 80-нен астам білім беру мекемесі мемлекеттік аттестациядан өтпей қалғаны туралы жаңалық шықты.

Облыста 80-нен астам мектеп пен балабақша мемлекеттік аттестациядан өте алмады.

Білім сапасын бақылау департаменті биыл 167 білім беру ұйымын тексергенде осындай олқылықтарды анықтаған. Тек 16 оқу ордасы ғана сынақтан сүрінбеген. Тексеріс кезінде өңірдегі мектептердің көпшілігінің материалдық-техникалық базасының төмендігі, химия, физика кабинеттерінің дұрыс жабдықталмағаны белгілі болған. Педагог кадрлардың білімдері сәйкес келмейді. Ең негізгісі, білім стандарты орындалмаған.

Бқл жағдай жеке меншік білім ұйымдарына ғана емес, мемлекеттік ұйымдарда да орын алған.

Қортындыларын өздеріңіз жасаңыз. Комментарийде өз ойларыңызбен бөлісіңіз.